Введите ваш запрос для начала поиска.

Тұтынушының электрмен жабдықтау желілеріне қосылу процедурасы жөнінде

Қазақстанда қазақстандық бизнес үшін электрмен жабдықтау желілеріне қосылу шарттарын жақсартуға бағытталған реформалар жүргізілді. Электр энергетикасы саласындағы заңнамалық актілерге өзгертулер және толықтырулар енгізілді.

Осыған байланысты 2018 жылғы ақпанда Кәсіпкерлік Палатасында ҚР ЭМ Атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша аумақтық департаменті мемлекеттік огандар, энергия ұсынушы ұйымдар және тұтынушылар өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізді.

Негізгі мәселе – қолданыстағы заңнамаға электрмен жабдықтау желілеріне қосылу процедураларын жеңілдетуге бағытталған өзгертулер енгізу.

«Дүниежүзілік банктің «Doing Business-2017» халықаралық рейтингісінің есептеуіне сәйкес, «Электрмен жабдықтау желілеріне қосылу» индикаторы бойынша Қазақстан 2016 жылмен салыстырғанда, нәтижесін 5 позицияға жақсартып, 70-ші орынға шықты. Мұндай нәтижеге қол жеткізу электр энергетикасы саласындағы заңнамалық актілерге бірқатар өзгертулер енгізілгеннен кейін мүмкін болды».

Мысалы, электрмен жабдықтау желілеріне қосылу кезінде екі рұқсаттамалық процедура алынып тасталды және электрмен жабдықтау желілеріне қосылуға арналған техникалық шарт беру мерзімі, энергия ұсынушы ұйыммен тұтынушының жобалық шешімдерін келістіру мерзімі, сондай-ақ, электрмен жабдықтауға арналған келісімшарт жасау мерзімі  айтарлықтай қысқартылды.

Кәсіпкерлерге, тұтынушыларға белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі электр құрылғыларын электр желілеріне қосуға арналған техникалық шарттар беру 14 күннен  5 күнге дейін қысқартылды. Сондай-ақ, енді үш күн ішінде энергия ұсынушы/жабдықтаушы ұйыммен жобалық шешімдерді келістіруге және электр энергиясын жеткізуге келісімшарт жасасуға болады. Бұрын бұл прцедуралар 20 және 7 күн уақыт алатын. Электр энергиясын пайдалану Ережелеріне енгізілген өзгертулерге сәйкес энергия тасымалдаушы немесе энергия өндіруші ұйым тұтынушыдан өтінім алған соң, жаңадан іске кірістірілетін немесе қайта қалпына келтірілетін электр құрылғыларын қосуға техникалық шартты мына мерзім ішінде береді (техникалық мүмкіндік бар  болса):

қуаты 200 кВт-қа дейінгі  — 5 жұмыс күні ішінде;  қуаты 200-ден 1000 кВт-қа дейінгі — 10 жұмыс күні ішінде; қуаты 1000 кВт-тан жоғары — 15 жұмыс күні ішінде.

Техникалық шартты қайта ресімдегені үшін төлемақы алынбайды.

Құрылыс-монтаждау жұмыстарына рұқсаттама алу қажет емес. Жобалаушы жұмыстың басталғаны туралы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына электронды түрде хабарлама жіберсе жеткілікті.

Сонымен қатар, мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органнан электр желісіне қосылу үшін рұқсаттама алу да  қажет емес.

Электрмен жабдықтауға келісімшарт жасаудың апталық мерзімі енді үш күн болып қысқартылды.

 

ҚР ЭМ Атом және энергетикалық

қадағалау мен бақылау

комитетінің Павлодар облысы бойынша

аумақтық департаменті

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы