• Меню » Хабарландырулар халық үшін » Павлодар облысы Баянауыл ауданының Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы

Павлодар облысы Баянауыл ауданының Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы

Жарияланған: 18.10.2016


БАЯНАУЫЛ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫ ШЕШІМІНІҢ ЖОБАСЫ

ШЕШІМ

(V сайланған __________  сессия)

  

Баянауыл ауылы                                                                2016 жылғы __________ 

 

 

Павлодар облысы Баянауыл ауданының

Қазақстан  Республикасының жер

заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын

ауыл шаруашылығы мақсатындағы

жерлеріне жер салығының

мөлшерлемесін жоғарылату туралы

Қазақстан Республикасы 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 386-бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, Баянауыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

  1. Павлодар облысы Баянауыл ауданының Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне жер салығының мөлшерлемесі 10 (он) есе жоғарылатылсын.
  2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Баянауыл аудандық мәслихатының заңдылық, азаматтардың өтініш-шағымдарын қабылдау және аграрлық мәселелер мен экология жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
  3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған кезінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                                                                   

Аудандық мәслихатының

   хатшысы                                                                          Т. Қасен  

 

 

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы