• Меню » Хабарландырулар халық үшін » Павлодар облысы Баянауыл аудандық мәслихатының ауданның сайлау комиссияларының жаңа құрамдарын қалыптастыру туралы ХАБАРЛАМАСЫ

Павлодар облысы Баянауыл аудандық мәслихатының ауданның сайлау комиссияларының жаңа құрамдарын қалыптастыру туралы ХАБАРЛАМАСЫ

Павлодар облысының Баянауыл аудандық мәслихаты Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының (әрі қарай - сайлау туралы Конституциялық заңы) 10-бабына сәйкес ауданның аумақтық және 39 учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамдарын қалыптастыру туралы хабарлайды.

Баянауыл аудандық аумақтық сайлау комиссмиясының құрамы 7 (жеті) комиссия мүшелерінен қалыптастырылады.

Учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің саны Баянауыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен тиісті сайлау учаскесіндегі сайлаушылар санына сәйкес анықталды.

Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.

Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихат сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

2018 жылғы 03 желтоқсанынан бастап 2018 жылғы 20 желтоқсан аралығында саяси партиялар, немесе басқа да қоғамдық бірлестіктер мен олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастыратын сайлау комиссияларына қарасты тиісті жоғары тұрған сайлау комиссиялары аудандық мәслихатқа келесі құжаттарды ұсынады:

1) сайлау комиссияларының құрамына енгізілетін кандидаттар туралы белгіленген нұсқа бойынша электронды және қағаз тасығыштарда құралған мәліметтер;

2) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің) шешімі, тиісті сайлау комиссиясының құрамына кандидат ұсыну туралы жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешімінен үзінді;

3) саяси партияның, өзге де қоғамдық бірлестіктің, оның құрылымдық бөлімдерінің (өкілдіктерінің) тіркелу туралы құжатының көшірмесі;

4) кандидаттың белгіленген нұсқа бойынша сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беруі туралы тиісті мәслихатқа жазатын өтініші.

Сайлау комиссияларының құрамына енгізілетін кандидаттар туралы мәліметтердің, кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беруі туралы өтініштерінің нұсқалары Баянауыл аудандық мәслихаттың сайтында орналастырылған.

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылған тұлға сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес болуы тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын құрған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтың бірліктің аумағында тұруы тиіс.

Аудандық мәслихатына қағаз нұсқасы бойынша тапсырылған барлық құжаттарында қол қойылған, мөр басылған және орындалған күні, айы, жылы жазылған, орындаушының тегі, аты-жөні, телефон нөмірі туралы белгісі бар болуы тиіс.

Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау  2018 жылдың 20 желтоқсанына (20-ші күнін қоса ала) дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жүзеге асырылады, үзіліс уақыты сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін.                                               

Баянауыл ауданының мәслихаты

Баянауыл аудандық мәслихатының хатшысы - Темірболат Мүбәракұлы Қасен.

Аудандық мәслихатының мекенжайы: 140300, Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Баянауыл ауылы, Қ. Сәтбаев көшесі, № 49.

Баянауыл аудандық мәслихатының ауданның аумақтық сайлау комиссиясы және учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамдарын құру мәселелері жөніндегі жауапты тұлғасы – Саликова Бота Сериковна , каб. № 205, қызметтік байланыс тел.: 8/718-40/9-16-09, ұялы тел.: 87057080791, факс – 8/718-40/9-10-90, электрондық пошта:  maslixat_bayan@mail.ru.

Баянауыл ауданының мәслихаты аудандық аумақтық сайлау комиссиясының және 39 учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлайды.

Баянауыл ауданының сайлау комиссияларының

сандық құрамы туралы мәлімет

 

Реттік

Сайлау учаскелерінің нөмірі

Сайлау комиссияларының

орналасқан жері

(пошта мекенжайы, сайлау комиссияларының орналасқан ғимараты)

Сайлау комиссия мүшелері

нің сандық құрамы

1

2

3

4

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

1

-

140300, Баянауыл ауылы, Сәтбаев к-сі., 47, С. Торайғыров атындағы

мәдени-сауық орталығы

7

Барлық комиссия мүшелерінің саны:

7

Учаскелік сайлау комиссиялары

1

№ 172

140300, Баянауыл ауылы, Мұса Шорманов, к-сі., 2, Ш. Айманов атындағы

 мектеп-интернаты

7

2

№ 173

140300, Баянауыл ауылы, Сәтбаев к-сі., 1,

Баянауыл № 2 ЖОББМ

7

3

№ 174

140300, Баянауыл ауылы, Сәтбаев к-сі., 89,

З. Акишев атындағы  ЖОББМ

7

4

№ 175

140300, Шонай ауылы, Н. Солтаналин к-сі., 1, Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі РММ ғимараты

5

5

№ 176

140308, Майқайың кенті, Ленин к-сі., 34, Майқайың мәдени-сауық орталығы

7

6

№ 177

140308, Майқайың кенті, Христенко к-сі., 21, Майқайың № 2 ЖОББМ

7

7

№ 178

140308,  Үшқұлын ауылы,

Үшқұлын ауылдық клубы

5

8

№ 179

140308, Сұлужон, Сұлужон ЖОББМ

5

9

№ 180

140308, Майкөбе ауылы,  ауылдық клубы

5

10

№ 181

140310, Торайғыр ауылы,

мәдениет үйі

5

11

№ 182

140310, Қызылшілік ауылы,

бастауыш мектеп

5

12

№ 183

140315, Ақсан ауылы, мәдениет үйі

5

13

№ 184

140315, Қаражар ауылы, ауылдық клуб

5

14

№ 185

140315, Жалғызқайың ауылы, ауылдық клуб

5

15

№ 186

140301, Лекер ауылы, ауылдық клуб

5

16

№ 187

140302, Бірлік ауылы, мәдениет үйі

5

17

№ 188

140302, Ақмектеп ауылы, бастауыш мектеп

5

18

№ 189

140304, Жаңатілек ауылы, мәдениет үйі

5

19

№ 190

140304, Мұрынтал ауылы,

бастауыш мектеп

5

20

№ 191

140303, Мәшһүр Жүсіп ауылы,

мәдениет үйі

5

21

№ 192

140305, Қаратомар ауылы, мәдениет үйі

5

22

№ 193

140305, Белағаш ауылы, ауылдық кітапхана

5

23

№ 194

140301, Ж. Аймауытов ауылы,

мәдениет үйі

5

24

№ 195

140301, Ақши ауылы, бастауыш мектеп

5

25

№ 196

140306, Құндыкөл ауылы, мәдениет үйі

5

26

№ 197

140306, Егіндібұлақ ауылы, ауылдық мәдениет үйі

5

27

№ 198

140306, Біржанкөл ауылы, ауылдық кітапхана

5

28

№ 199

140307, Ж. Шанин ауылы, мәдениет үйі

5

29

№ 200

140307, Шоманкөл ауылы, бастауыш мектеп

5

30

№ 201

140307, Қойтас ауылы, ауылдық кітапхана

5

31

№ 203

140307, Жарылғап ауылы, бастауыш мектеп

5

32

№ 204

140309, Қ. Сәтбаев ауылы, мәдениет үйі

5

33

№ 205

140309, Мұса Шорман ауылы, мәдениет үйі

5

34

№ 206

140309, Көкдомбақ ауылы, бастауыш мектеп

5

35

№ 207

140311, Ұзынбұлақ ауылы, мәдениет үйі

5

36

№ 208

140311, Ақши ауылы,  НББ мектебі

5

37

№ 209

140310, Александровка ауылы,

бастауыш мектеп

5

38

№ 210

140308, Майқайың кенті, Ленин к-сі., 52 г Майқайың балалар өнер мектебі

7

39

№ 211

140308, Майқайың кенті, Жамбыл к-сі.,

74 а, Майқайың № 1 ЖОББМ

7

Барлық учаскелік комиссиялар мүшелерінің саны:

209

 

Баянауыл аудандық мәслихаты

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы