КОНКУРС

         «Шарбақты  ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2019 жылғы «1» шілде  сағат 11.00-де, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін  жер телімін жалға алу құқығын беру  жөніндегі  конкурс өткізеді. Конкурс мына мекен-жайы бойынша өткізіледі: Павлодар облысы, Шарбақты ауданы,  Шарбақты ауылы,  Тәуелсіздік көшесі,51  «Шарбақты ауданы әкімінің аппараты» ММ  акт залы.

Конкурсқа шығарылатын жер телімінің  тізбесі

р/н

Лот№

Ауданы, га

Топырақтың сапалық сипаттамасы

Бонитет балы

Өңірдің

ауылшаруашылығына

мамандануы

Жалгерлікке беру мерзімі, жыл

Жер телімінің орналасқан орны

1

25

Жалпы ауданы 389,7 га, оның ішінде  т.ж.жайылым  389 га,  жолдарға 0,7 гектар,  №101 алқап

 Қара-күрең

9,8

 Мал шаруашылығы

15 жыл

Галкино ауылдық округі

2

27

Жалпы ауданы 370,5 га, оның ішінде  жайылым 368,87 га,  жолдарға 1,63 га 

 Қара-күрең

9,8

 Мал шаруашылығы

15 жыл

 Галкино ауылдық округі

3

47

Жалпы ауданы 506,7 га, оның ішінде  т.ж.жайылым 504,4 га, жолдарға 2,3 га

 Қара-күрең

9,8

 Мал шаруашылығы

15 жыл

Жылы-бұлақ ауылдық округі

4

49

Жалпы ауданы 195,46 га, оның ішінде  суарылмайтын егістік 195,26 га, жолдарға 0,2 га, №15а алқап

 Қара-күрең

18,1

 Өсімдік шаруашылығы

15 жыл

Шарбақты ауылдық округі

5

61

Жалпы ауданы 354,4 га, оның ішінде   т.ж. жайылым 354,0 га, жолдарға 0,4 га, №64 алқап

Қара-күрең

15,4

  Мал шаруашылығы

15 жыл

 Хмельницкий  ауылдық округі

6

62

Жалпы ауданы 243,5 га, оның ішінде  жайылым 242,6 га, жолдарға 0,9 га,  №45 алқап 

 Қара-күрең

15,4

 Мал

шаруашылығы

15 жыл

Красиловка ауылдық округі

7

63

Жалпы ауданы 256,2 га, оның ішінде  жайылым 255,8 га, жолдарға 0,4 га,  №46 алқап

 Қара-күрең

15,4

Мал шаруашылығы

15 жыл

Красиловка ауылдық округі

8

57

Жалпы ауданы 513,2 га, оның ішінде  суарылмайтын егістік 511,8 га, жолдарға 1,4 га,  №7 алқап  

Қара-күрең

15,3

 Өсімдік шаруашылығы

15 жыл

 Алексеевка ауылдық округі

9

58

Жалпы ауданы 331,7 га, оның ішінде суарылмайтын егістік   331,3 га, жолдарға 0,4 га,  №3 алқап  

Қара-күрең

15,3

 Өсімдік шаруашылығы

15 жыл

 Алексеевка ауылдық округі

10

59

Жалпы ауданы 219,9 га, оның ішінде   суарылмайтын егістік  219,0 га,  жолдарға 0,9 га, №8 алқап    

Қара-күрең

15,3

 Өсімдік шаруашылығы

15 жыл

Алексеевка  ауылдық округі

11

60

Жалпы ауданы 120,9 га, оның ішінде  суарылмайтын егістік 120,3 га, жолдарға 0,6 га, № 11 алқап

Қара-күрең

15,3

Өсімдік шаруашылығы

15 жыл

 Алексеевка ауылдық округі

12

52

Жалпы ауданы 248,0 га, оның ішінде   жайылым 247,2 га, жолдарға 0,8 га

Қара-күрең

12,3

Мал шаруашылығы

15 жыл

Чигиринов ауылдық округі

13

51

Жалпы ауданы 618 га, оның ішінде  суарылмайтын егістік  618,0 га,  жолдарға 0,1 га, №48 алқап  

Қара-күрең

12,3

 Өсімдік шаруашылығы

15 жыл

 Чигиринов ауылдық округі

14

53

Жалпы ауданы 418,9 га, оның ішінде  жайылым  417,7  га,  жолдарға  1,2       га, №50 алқап

Қара-күрең

12,3

Мал шаруашылығы

15 жыл

 Чигиринов ауылдық округі

15

54

Жалпы ауданы 401,2 га, оның ішінде   жайылым 400   га, жолдарға 1,2  га, №49 алқап

Қара-күрең

12,3

 Мал шаруашылығы

15 жыл

Чигиринов ауылдық округі

16

55

Жалпы ауданы  583,3 га, оның ішінде   т.ж. жайылым  581,6 га,     жолдарға 1,6  га,  №64,65,66 алқаптар  

Қара-күрең

12,3

Мал шаруашылығы

15 жыл

Чигиринов ауылдық округі

 

Жалпы ауданы   5 772,22 га, оның ішінде  суарылмайтын егістік 1 995,66 га,   жайылым  3 761,87 га,  өзге алқаптар  14,69 га

Ауылшаруашылық өндірісін, қожалық (фермер) шаруалығын жүргізу үшін жер учаскелерін нысаналы мақсатқа сәйкес пайдаланудың міндетті шарты: жер учаскесін пайдалануда агротехникалық нормаларды міндетті түрде орындау (егіс айналымын сақтау), Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы «Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану Қағидаларын бекіту туралы» № 268 Бұйрыққа және  сәйкес ауылшаруашылық мақсаттағы жерлерді аумақтарға бөлуге және жер учаскесін пайдалану.

 Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы №442 Жер кодексінің 92 бабына сәйкестікте, жер телімін игеру мерзімі жер телімін берген кезден екі жылды құрайды.

Қазақстан Республикасының Жер кодексі 43-1 бабына сәйкес берілетін жер  телімін пайдалануға және (конкурстық өтінім) ұсыныста:

                Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімде:

      1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;

      2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;

      3) өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;

      4) конкурстық ұсыныс;

      5) өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.

      Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімді жеке тұлғаның немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасының уәкілетті өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген және ресімделген сенімхаттың негізінде ұсына алады.

  1. Конкурстық ұсыныста:

      1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);

      2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;

      3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.

      Конкурстық ұсыныс, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, беттері нөмірленіп, тігілген түрде, жабық конвертте ұсынылады.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау және тіркеу – өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде, ал конкурс қайта өткізілген жағдайда, он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Ауылшаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жалға беру жөніндегі конкурс" және "(ашудың нақты күні мен уақыты көрсетіледі) «2019 жылғы «1» шілдедегі сағат 11.00 ге ДЕЙІН АШУҒА БОЛМАЙДЫ" деген сөздерді жазады. Конкурс өтінімдері конкурсты ұйымдастырушыға конкурс өтінімдерін қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін қолма-қол немесе пошта арқылы 2019 жылдың 10 маусымнан  2019 жылғы  28 маусымда табыс етіледі.

Шарбақты ауданы әкімі сайтында sharbakty.gov.kz. немесе 2019 жылғы 18 сәуірдегі "Sarbagty" газетінде № 3 нөмірінен толық ақпаратты  оқи аласыз.

Конкурсқа қатысушыларды тіркеу мына мекен-жайы бойынша жүргізіледі: Шарбақты ауданы, Шарбақты ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 57 «Шарбақты ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне хабарласуға болады, тел. 8-718-36-2-16-51.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы