Введите ваш запрос для начала поиска.

ХАТТАМА

Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Баянауыл ауданы,

Сәтбаев ауылдық округі.

 

Теңдік ауылы                                                                                                             05.04.2018 жыл

 Сағат – 10-00

Х А Т Т А М А

Жиналыс төрағасы: - Әмиев Қ.Н. 

 хатшысы: - Кокенов М.Е.

Қатысқан адамдар: Әкім аппаратының

мамандары, мекеме басшылары,

жергілікті учаскелік полиция инспекторы,

ауыл тұрғындары /83/ адам.

 

КҮН ТӘРТІБІНДЕ:

  1. Теңдік ауылының атын өзгерту туралы.

 

  1. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша ауыл әкімі Қ.Н. Әмиев сөз алды. Ауыл тұрғындарына Мұса Шорманұлының қысқаша өмірбаянымен таныстырып өтіп, Теңдік ауылының атын өзгертуге, «Мұса Шорман» ауылы деп ұсыныс жасады.

Жарыс сөзде сөйлегендер:

Букенов А. – зейнеткер:Мұса бабамыздың жерленген жері осы Теңдік ауылының қорымында. Қазақ халқына еңбегі сіңген азаматымыз, сондықтан есімін қоюға қарсылығымыз жоқ.

Мұзафаров Қ.Н. – Қ.Сәтбаев атындағы мектеп директоры: Мұса Шорманұлын тереңірек зерттесек ол кісі қазақ халқының салт-дәстүрінің жойылмай қалыптасуына, қараңғы қазақ еліне көптеген медресе-мектептер ашылуына ықпал жасаған, елің алға бастаған бабамыз. Ауылымызға  «Мұса Шорман» бабамыздың атын беруге ауыл тұрғындарын бір ауыздыққа шақырамын. «Мұса Шорман» ауылы деп атасақ атақты әкесі Шорман бидің де есімі жаңғырғандай болады. Оның үстіне қазіргі заманда Шорманов демейді, орыс жазуындағы  ов және ев дегеңдерді алып тастап жатырмыз ғой. Тіпті Мұса Шорман ауылы деп атау айтуға да оңай және естуге де әуезді болып естіледі.

Жанайдаров О.Қ. – мұғалім. Кейінгі 20-ғасырда аймағымыздан шыққан академиктер мен атақты адамдарымыздың көбісі Мұса Шорман бабамыздың оқу-білім ошақтарын ашқандығы себепкер болып, биік белестерге шығуға тікелей қатысы болған. Мәшһүр-Жүсіп Көпеев атамыздың есімін Мәшһүр қылған осы Мұса Шорман деп өз өлеңінде жазады.Мұса Шорман  есімін ауылымызға берген өте дұрыс.

Қияшев А.– ауыл тұрғыны. Мұса Шорманұлының тұрғылықты жері осы Теңдік ауылының солтүстік-шығыс жағындағы орналасқан Ақкелін тауының етегінде. Кезінде Баянауыл дуанының аға сұлтаны болған. Қазақтар арасындағы алғашқы полковник шенін алған мырза. Әрқашанда елінің болашағын, бірлігін ойлаған, халқының дана басшысы болған. Сондықтан  Мұса Шорман бабамыздың есімін ауылымызға берген лайықты деп ойлаймын және ауыл тұрғындарының барлығын қолдауға шақырамын.

Ауыл тұрғындарының өтініш-ұсыныстарын талдай келе Теңдік ауылының тұрғындарының жалпы жиналысы төмендегідей қаулы қабылдады:

  1. Ауыл тұрғындары бір ауыздан, Теңдік ауылының атын өзгертіліп, «Мұса Шорман» ауылы деп берілсін. Әрі қарай тиісті құжаттар жасалуға жіберілсін.

 

 

Жиналыстын төрағасы:                                                   Әмиев Қ.Н.

Хатшысы:                                                                          Кокенов М.Е.

 

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы