Введите ваш запрос для начала поиска.

ХАТТАМА

Қазақстан  Республикасы, Павлодар  облысы, Баянауыл  ауданы,

Сәтбаев  ауылдық  округі.

 

Қараащы ауылы                                                                                                    05.04.2018 жыл

                                                                                                                                 Сағат - 18-00

 

Х А Т Т А М А

 

                                                                        Жиналыс  төрағасы: -  Әмиев Қ.Н.

хатшысы: -   ТершикбаеваМ.К.

                           Қатысқан адамдар: Әкім аппаратының мамандары,  Шадыра мектеп-балабақша оқу-тәрбие

кешенінің ұжымы,

                                                                                қатысқан адамдар саны/57/ адам.

 

 

КҮН  ТӘРТІБІНДЕ

 

1.Шадыра мектеп – балабақша оқу – тәрбие кешенінің   атын  өзгерту туралы.

 

         1.Күн тәртібіндегі мәселе  бойынша ауыл әкімі Қ.Н. Әмиев сөз алды. Мектеп ұжымына мектептің тарихы, осыдан бірер жыл бұрын қозғалған мәселе , Шадыра мектеп – балабақша оқу тәрбие кешенінің  атын өзгертуге ұсыныс жасады.

         Жарыс сөзде сөйлегендер:

         ЖусупбаеваК.Т. – тарих пәнінің мұғалімі. Мектеп – қасиетті орын. Сондықтан да мектепке дұрыс ат берілгені жөн. Бұхар Жырау Қалқаманұлы тарихтан белгілі жыршы, жырау ұлтжанды азаматболған. Бұхар Жырау Абылай ханға кеңес беріп, орыспен қазақтар арасындағы қарым-қатынастарға бағыт бағдар беріп отырған. Үш жүздің басын қосқан жырау бабамыздың кесенесі де осы ауылдан алыс емес, сол себепті де Бұхар Жырау бабамыздың есімі берілгені дұрыс.

         Шарибжанова А.Б. –Шадыра МБОТК  директоры. Сталинизмнің құрбаны болған, ұстаз, көптеген еңбектердің иесі, жерлесіміз Әбікей Сәтбаевтың еңбегі зор.  Ұлағатты ұстаздың есімі аталмай қалғаны жөнінде баса айтты.  Мектептің  атын жерлесіміз Әбікей Сәтбаев қылып өзгертуге, бір ауыздыққа шақырды.

         Адешев М.Ж. – денешынықтыру пәнінің мұғалімі.  Мен директор болған жылдары мектептің атын өзгерту жөніндегі  мәселе қозғалған еді.

Сол кезден бастап жерлесіміз ұлағатты ұстаз Баянаула төнірегінде білім жолын жақсы жолға қойған Әбікей Сәтбаевтың есімін беруді бір ауыздан ұсынған едік. Ол кездері басқадай талап-себептермен өзгертусіз қалды. Бүгінгі күні аудан бойынша бірде-бір мектеп ошақтарында Әбікей Сәтбаевтың есімі жоқ, сол себепті де рухани жанғыру аясында осы ұлағатты ұстаз есімімен мектебіміздің  аты аталса нұр үстіне нұр болар еді.

Мектеп ұжымының өтініш-ұсыныстарын талдай келе, Шадыра МБОТК  жалпы жиналысы төмендегідей қаулы қабылдады:

  1. Шадыра МБОТК аты өзгертіліп, «Әбікей Сәтбаевтың» аты мектепке берілсін. Әрі қарай тиісті құжаттар  жасалуға жіберілсін.

 

 

 

Жиналыстын төрағасы:                            Әмиев Қ.Н.

 

                         Хатшысы:                       Тершикбаева М.К.

 

 

 

 

 

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы