«Халықтың көші-қоны туралы»

«Халықтың көші-қоны туралы» Заңға сәйкес,  шетелдіктер Қазақстан Республикасына кіргеннен кейін бес күн ішінде тіркеуге тұруға  міндетті.

Сонымен қатар, 61 елдің азаматтарына Қазақстанға келу үшін виза қажет емес. Сонымен:

  • бір жақты тәртіппен 45 елге 30 тәулікке дейін көші-қон қызметтері органдарына тіркелмейтін визасыз режим ұсынылды;
  • екіжақты негізде 19 елмен Келісім бекітілді (Армения, Беларусь, Грузия Қырғызстан, Молдова, Моңголия, Ресей және Украинамен 90 тәулікке дейін, Әзербайджан, Аргентина, Бразилия, Оңтүстік Корея, Куба, БАӘ, Сербия, Тәжікістан, Түркия және Эквадормен 30 тәулікке дейін, Гонгконгпен 14 тәулікке дейін).

Тіркеу келесі жолдармен рәсімделеуге болады:

  • экономикалық тұрғыда дамыған және әлеуметтік жағынан тұрақты 56 елдің азаматтарына, және де барлық шетелдіктер – ҚР-на кірерде Шекара қызметі  арқылы;
  • визаемн кірушілер (тіркеу мекенжайы шақыруды рәсімдеу кезінде жазылады және шекарадан өткенде белсендіріледі);
  • қабылдаушы тараптың жеке өтінішімен көші-қон қызметінің аумақтық бөлінісінде, теркеу куәлігі беріледі;
  • электронды түрде Визалық-миграциялық портал немесе Электронды үкімет порталы арқылы, қабылдаушы тараптың электронды мекенжайына тіркеу карточкасы келеді.

Қазақстанға келген шетелдік азаматтар визалық-көші-қон порталы арқылы өзінің болуын тіркеуге ыңғайлы. Қонақ үйлерде тоқтай отырып, оларға онлайн тіркелу ұсынылады. Осылайша, Павлодар облысының қонақ үйлерінде 15 шетелдік қонақ тіркелген.

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы