«Чек талап етіп жүлде ұтып ал» Акциясы басталды

Жарияланған: 24.10.2016


            2016 жылдың 1-қазанынан бастап жалпыреспубликалық «Чек талап етіп жүлде ұтып ал» Акциясы басталды (бұдан әрі – Акция) және аяқталу мерзімі 2016 жылдың 15 желтоқсаны.

           «Wipon» қосымшасы Қазақстандық өнім және оны отандық бағдарламашылар жасаған. Оны тегін көшіріп алып барлық түрлі смартфондар және басқа гаджеттерде қолдануға болады.

           Акцияны өткізу кезеңінде оған қатысушыларға Apple App Storeи және Google Play Market көшіріп алу үшін тегін Wipon iOS үшін (iPhone) және Android мобильдік қосымшасы ұсынылады.

           Акцияға тауар (қызмет) сатып алғанын дәлелдейтін тауар чегін суретке түсіріп алып жіберген Қазақстан азаматтары қатыса алады. Егер сатушы чек бермеген жағдайда азаматтар ол туралы да шағым жібере алады.

           Акция 2016 жылдың 1-қазанында басталып 15 желтоқсанда аяқталады. Осы мерзімде Қазастанның барлық облыстарында, Астана және Алматы қалаларында жүлделерді ұту және оларды тапсыру басталады.

          Гранд финал жылдың соңында Мемлекеттік кірістер комитетінде өткізіледі және онда әртүрлі сыйлықтар ойналады, соның ішінде басты сыйлық (ұтыс) – автомобиль.

          Жеңімпаздар чектерді байқамай алу әдісімен анықталады. Сондықтан чектерді неғұрлым көп жіберсеңіздер сыйлық ұтып алу мүмкіндігі сол ғұрлым артады. 

          Қайтадан (екінші рет) жіберілген чектер ойынға қатыстырылмайды.

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы