Ата-анасы алимент төлеуден жасырынған балаларға көмекке

Борышкерлер мен алимент төлемейтіндерді іздестіру көші-қон қызметінің маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Полиция департаменті мен жергілікті атқарушы органдар осы бағытқа ерекше назар аударады.

Ағымдағы жылы 1 (2018ж. - 3) іздеуде жүрген адамның 1 немесе 100% (2018ж. – 100%) анықталды.

Іздестіруге соттың жауапкерді іздестіру туралы ұйғарымы негіз болады және ол арызданушының (негізінен бұл әйелдер) пайымдауынша, іздестірілуші емес, талапкердің тұрғылықты жері бойынша полиция органында тіркеледі. Бұл жерде жауапкерді анықтау қажет, бұл одан төленбеген соманы өндіріп алуды білдірмейді. Полицияның өкілеттігі іздестірілушінің орналасқан жерін анықтау және оның сот орындаушысына келу міндеттемесінде аяқталады. Жазаны сот органдары жүргізеді.

Егер көші-қон қызметі бір ай ішінде алиментшінің орналасқан жерін анықтай алмаса, Өндіріп алушының талабы бойынша тиісті құжат беріледі, оның негізінде әлеуметтік қамсыздандыру органдары борышкерді іздестіру кезеңінде балаларды асырауға уақытша жәрдемақы төлейді.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы