Павлодарлықтар әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 8,6 млрд теңге жинады

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында соңғы айда түскен сомаларды атады. Павлодар облысының жұмыс берушілері мен жеке кәсіпкерлері міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша 8,6 млрд. теңге төледі. Өңірімізде қалалар арасында Павлодар қаласы (62,3%) көш бастап тұр. Аудандардан – Баянауыл (2,6%), Шарбақты (1,3%) және Павлодар аудандары (1,2%) үздіктер қатарында.       

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Павлодар облысы бойынша филиалының директоры Айдар Ситказиновтың айтуынша, 2017 жылғы 1 шілдеден бері барлық жұмыс берушілер өз жұмыскерлері үшін қаржы ауда­рып келеді. Жеке кәсіпкерлер де қарамағында жұмыскерлері бол­са, төлейді. Жинақталған қаржы Ұлттық Банкте сақталады. Мемлекет пен уәкілетті орган - денсаулық сақтау Министрлігі тарапынан, тікелей Қормен бақыланып, 2020 жылы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде медициналық қызметтер пакетін қаржыландыруға бағытталады.

Қорға барлығы 186,2 млрд теңге жиналды, оның 177,4 млрд теңгесі жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 8,8 млрд теңге – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.

2020 жылға дейін жұмыс берушілер өз қызметкерлері үшін сақтандыру төлемдерін аударады. Төлем жұмыскер кірісінің 1,5% құрайды. Ал келесі жылдан бастап аударымдар мен төлемдерді жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалығы басшылары, жеке тәжірибемен айналысатын тұлғалар, жалға жұмыс істеушілер, ерікті төлемшілер және мемлекет жеңілдік санатына кіретін азаматтар үшін төлем жасайды.

Міндетті әлеуметтік медициалық сақтандыру туралы толық ақпаратты Қордың fms.kz сайты бойынша ала аласыз.

 

«Әлеуметтік медициналық

сақтандыру қоры» КЕАҚ

 Павлодар облысы

 бойынша филиалы

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы