Павлодарлық дәрігерлер тәжірибелері бойынша шетелдік мамандармен иық тіресе алады

Жарияланған: 19.09.2019


Алты айлық сәби «Ашық артериялық ағын» диагнозымен дүниеге келіп, операция кезінде екі келі ғана тартқан. Баланың ауыр жағдайына және ілеспе патологиясына байланысты Павлодарға тасымалдауға тыйым салынған. Сондықтан Семей қаласының перинаталдық орталығына павлодарлық мамандар бригадасы - балалар кардиохирургы – Тимур Раимханов, дәрігер-реаниматолог Ренат Сарин және екі медбике аттанды.Операция бір сағатқа созылып, кардиологтар баланың жағдайын тағы бір сағат бақылап отырды.
«Ашық артериялық түтікше кезінде жүйелі қан айналымынан қан қолқадан көп мөлшерде өкпеге барады, сол сәтте бала тұншыға бастайды, оған өкпені жасанды желдету қажет. Ми, ішек жағынан асқынудың болуы мүмкін, бұл әдетте өлімге әкеледі. Мұндай жағдайларда тармақ байланады, бұл толығымен емдеу операциясы», - дейді Тимур Раимханов.

Сәби жергілікті мамандардың бақылауында болады, себебі әлі де ұзақ уақыт күтуді қажет етеді.Кардиоорталықтың мәліметтері бойынша, кардиологтар бригадаларының басқа өңірлерге ұшуы сирек кездеседі. Биыл мамандар Екібастұзға балаға кеңес беру үшін санавиациямен ұшып барған. Павлодарлықдәрігерлерсоңғыкөшпеліотаны 2017 жылыда Семейдежүргізген.

Қазір Қазақстаназаматтарына,ересектер мен балаларға да отаның барлық түрі кепілдендірілген медициналық көмек көлемі есебіне жасалады. Хирургиялық араласудың күрделігіне және материалдар бағасына қарай, бюджеттен 500 мың теңгеден бастап, екі миллион теңгеден аса қаржы жұмсалады. Бұдан бөлек, облыстық кардиологиялық орталықта Қазақстан бойынша бірнеше аурухананың басын қосатын бірінші кардиологиялық кластер жұмыс істейді. Енді жүрегінде ақауы бар кез келген пациент шұғыл түрде салалық мамандарға жіткізіледі. 

Айта кету керек, ел азаматтарын толық кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемімен қамтамасыз ету үшін 363 млрд. теңге жетпейді. Осыған сай, адамдар бірнеше мәселеге тап болады. 2020 жылы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылған кезде медициналық қызметтер қолжетімді болып, сапасы арта түспек. 

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудыңбасты ерекшелігі  табыс көзі мен жарна көлеміне қарамастан халықтың, мемлекет пен жұмыс берушілердің ортақ жауапкершілігіне негізделеді. Сақтандыру пакетіне табысы орташа азаматтардың қалтасы көтере бермейтін қымбат операциялар кіреді. Келесі жылдан бастап барлық сақтандырылған азаматтардың шығынын медициналық сақтандыру Қоры төлейді», - деп атап өтті Тимур Раимханов.  

Павлодар кардиохирургиялық орталығында алты жылдың ішінде 15 мыңнан астам операция жасалды. Операциялардың жартысына жуығы ашық жүректе орындалды.Олардың 700-і нәрестелердің туа біткен жүрек ақауларына тиесілі. Осы уақыт аралығында ақ желеңділер операциялардың 50-ден астам түрін жасаудың әдіс-тәсілдерінмеңгерді.

«Әлеуметтік медициналық

сақтандыру қоры» КЕАҚ

 Павлодар облысы

 бойынша филиалы

 

 

 

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы