Павлодар облысының жұмыс берушілері медициналық сақтандыру қорына 400 млн теңге төлеген

Павлодар облысытөлемшілерініңмамыр айының соңына дейін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына енгізген сомасы8,1 млрд теңгені құрады. Бұл өткен аймен салыстырғанда 400 млн теңгеге артық.

Барлығы Қорға 176,7 млрд теңге түсті, оның 167,9 млрд теңгесін жұмыс берушілер, 8,8 млрд теңгені – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін санат аударған.  Аймақтық тұрғыдан алғанда, жарна төлеу жағынан бұрынғыша Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары мен Қарағанды облысы көш бастап тұр.

Өңірімізде қалалар арасында Павлодар (62,3%), аудандардан – Баянауыл (2,6%), Шарбақты (1,3%) және Павлодар аудандары (1,3%) үздіктер қатарында.

2020 жылдың 1 қаңтарына дейін жұмыс берушілер өз жұмыскерлері үшін қаржы аударып келеді. Төлем қызметкер кірісінің 1,5 % құрайды.

Жинақталған қаржы Ұлттық Банкте сақталады. Мемлекет пен уәкілетті орган - денсаулық сақтау Министрлігі тарапынан, тікелей Қормен бақыланып, 2020 жылы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде медициналық қызметтер пакетін қаржыландыруға бағытталады.

Міндетті әлеуметтік медициалық сақтандыру туралы толық ақпаратты Қордың fms.kz сайты бойынша ала аласыз.

 

«Әлеуметтік медициналық

сақтандыру қоры» КЕАҚ

 Павлодар облысы

 бойынша филиалы

 

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы