Павлодар облысының МӘМС үшін төлемдері 6,8 млрд. теңгені құрады

Павлодар облысының жұмыс берушілері мен жеке кәсіпкерлері міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша 6,8 млрд. теңге төледі.

Жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен 2019 жылдың 28 ақпанына дейінгі аралықта ел бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлердің төлемдері мен жарнаның жалпы сомасы 149,2 млрд теңгені құрады. Оның 140,5 млрд теңгесі жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 8,7 млрд теңге – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.

Жинақталған қаржы Ұлттық Банкте сақталады. Мемлекет пен уәкілетті орган - денсаулық сақтау Министрлігі тарапынан, тікелей Қормен бақыланып, 2020 жылы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде медициналық қызметтер пакетін қаржыландыруға бағытталады.

 

        «Әлеуметтік медициналық

сақтандыру қоры» КЕАҚ

Павлодар облысы бойынша филиалы

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы