Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Павлодар облысы медициналық ұйымдарының жұмысында бұзушылықтар анықтады

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының сарапшылары көрсетілетін медициналық көмек сапасына жүйелі түрде мониторинг жүргізеді. Денсаулық сақтаудың бірыңғай ақпараттық жүйесін енгізу мамандарға емделушілерге қашықтан сараптама жүргізіп, көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын бақылауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бекітілген кесте бойынша нысандарда жоспарлы мониторинг өткізіліп, медициналық ұйымдардың келісімді міндеттемелерінде бұзушылықтар орын алған жағдайда жоспардан тыс бақыланады.

Мониторинг көрсетілген медициналық қызметтердің сапасы мен көлемін бақылайды. Медициналық сақтандыру қоры қызметтің нақты көрсетілген-көрсетілмегенін, емдеу протоколдарының талапқа сай толтырылуын және осы манпуляциялардың нәтижесін тексереді. Қандайда бір олқылықтарға жол берген медицина ұйымына айыппұл салынады. Ал, емдеу барысында өрескел заң бұзушылықтар орын алған жағдайда істі құқық қорғау органдарымен қадағалау органдарына жібереді.

2019 жылы Павлодар облысында 66 медициналық ұйым тегін медициналық көмек көрсетеді, оның 28-і жекеменшік. 2018 жылмен салыстырғанда тапсырыс алған жеткізуші ұйымдар арасында жеке меншік клиникалар саны 5 ұйымға артты.

Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында жасалған мониторинг нәтижесі бойынша облыс тұрғындарына медициналық көмек көрсетуде сегіз мыңнан астам ақау анықталып, медициналық ұйымдарға 31 миллионнан астам теңгеге айыппұл салынды.

Қор филиалының медициналық қызметтер сапасын мониторингілеу бөлімінің басшысы Алмагүл Ахметжанованың айтуынша, емдеу-диагностика шараларының стандарттарын сақтамау, медициналық құжаттарды сапасыз толтыру, медициналық қызмет ақысын негізсіз қымбаттату, қызметті нақты көрсету фактісінің расталмауы мониторинг барысында анықталған негізгі кемшіліктер болып табылады.

Медициналық көмек көрсетуде ақаулардың алдын алу үшін айыппұлдық ықпалшарадан бөлек, қор сарапшылары медициналық қызметкерлер арасында түсіндіру, оның ішінде медициналық қызметтердің сапасын сараптау, емделушілердің құқығын қорғау мен ауруларды басқару бағдарламасын жүргізу сұрақтары бойынша жұмысын жүргізеді.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры көрсетілген медициналық көмектің сапасын мониторингілеу нәтижесін тұрақты түрде жариялап отыруды жоспарлауда. Қор мамандары бұл шараның дәрігерлерді тәртіпке келтіріп, халыққа сапалы медициналық көмек көрсетуге ынталандыра түседі деген сенімде.

Әлеуметтік медициналық

сақтандыру қоры» КЕАҚ

Павлодар облысы бойынша филиалы

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы