Шектеу іс-шараларын тоқтату және Баянауыл ауданы Күркелі ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 14 тамыздағы

ЖОБА

 

 

Шектеу іс-шараларын тоқтату және Баянауыл

ауданы Күркелі ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы

14 тамыздағы «Баянауыл ауданы Күркелі ауылдық

округінде орналасқан «Анет» шаруа қожалығының

аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы»

№ 1-03-07 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының
2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы
2-тармағы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы
10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1-бабы 8-тармақшасына сәйкес, Баянауыл ауданының мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бас инспекторының 2018 жылғы 8 қарашадағы № 2-19/251 ұсынысы негізінде, Баянауыл ауданы Күркелі ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Баянауыл ауданы Күркелі ауылдық округінде орналасқан «Анет» шаруа қожалығының аумағында жылқы сақауы ауруын жою бойынша ветеринариялық-санитарлық іс-шаралар кешенін жүргізуге байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
  2. Баянауыл ауданы Күркелі ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы
    14 тамыздағы «Баянауыл ауданы Күркелі ауылдық округінде орналасқан «Анет» шаруа қожалығының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» № 1-03-07 шешімнің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2018 жылғы 20 тамызда № 6040 болып тіркелген,
    2018 жылғы 28 тамызда «Баянтау» аудандық газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Ауылдық округ әкімі                                                                Т. Сагинтаев

 

КЕЛІСІЛДІ:

«Баянауыл ауданының

ветеринария бөлімі»

мемлекеттік мекемесі басшысының

міндетін атқарушы                                                              А.С.Ынтыкбаев

2018 жылғы «00» желтоқсан

 

 

КЕЛІСІЛДІ:

«Қазақстан Республикасы Ауыл

шаруашылығы Министрлігі

Ветеринариялық бақылау және

қадағалау комитетінің Баянауыл

аудандық аумақтық инспекциясы»

мемлекеттік мекемесінің басшысы                                       Р.Д.Нургалиев

2018 жылғы «00» желтоқсан

 

 

КЕЛІСІЛДІ:

«Қазақстан Республикасы Денсаулық

сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық

сақтау комитеті Павлодар облысы

қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің

Баянауыл аудандық қоғамдық денсаулық

сақтау басқармасы» республикалық

мемлекеттік мекемесінің басшысы                                       А.Е.Карибжанов

2018 жылғы «00» желтоқсан

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы