Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Жарияланған: 27.11.2017


Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңы 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес және қадағалау комитетінің Баянауыл аудандық аумақтық инспекциясының бас  мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2017 жылғы 04 шілдедегі № 2-19/273 ұсынысы негізінде, Баянауыл ауданы Бірлік ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Ірі қара малдың арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, Баянауыл ауданы Бірлік ауылдық округінің Ақмектеп ауылының аумағына шектеу іс-шаралары белгіленсін.
  2. «Баянауыл ауданының ветеринария бөлімі» (келісім бойынша), «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Баянауыл аудандық аумақтық инспекциясы» (келісім бойынша), мемлекеттік мекемелері, «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Павлодар облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Баянауыл аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша), анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қолжеткізу үшін қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізсін.
  3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  4. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Баянауыл ауданының Бірлік

ауылдық округінің әкімі                                                  А. Аманжолов

 

КЕЛІСІЛДІ:

«Баянауыл ауданының

ветеринария бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің басшысы                                   Н.Т. Даулетов

2017 жылғы «00» қазан

КЕЛІСІЛДІ:

«Қазақстан Республикасы Ауыл

шаруашылығы Министрлігі

Ветеринариялық бақылау және

қадағалау комитетінің Баянауыл

аудандық аумақтық инспекциясы»

мемлекеттік мекемесінің басшысы                                 Р.Д. Нургалиев

2017 жылғы «00» қазан

 

КЕЛІСІЛДІ:

«Қазақстан Республикасы Денсаулық

сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық

сақтау комитеті Павлодар облысы

Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің

Баянауыл аудандық қоғамдық денсаулық

сақтау басқармасы» мемлекеттік

мекемесінің басшысы                                                         Т.Н. Ишанова

2017 жылғы «00» қазан

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы