Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер тұлғаның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің кейбір мәселелері туралы

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік

көмек алуға үміткер тұлғаның (отбасының)

жиынтық табысын есептеудің

кейбір мәселелері туралы

 

        

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі «мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы»  Заңының 6-бабы 1 – тармағына сәйкес, жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табысты есептеу кезінде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары өңірлердің ерекшеліктерін ескере отырып,  осы өңірдегі өнімділік және түсімділік көрсеткіштері бойынша және жиынтық табыс рұқсат етілген шекті көлемнен аспаған жағдайда, үй малын, құсты және жер телімінде (үй жанындағы телiм, саяжай және жер үлесі) өсірілетін ауыл шаруашылық дақылдарының түрлерін кіріс бермейтіндер деп белгілейді. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына сәйкес, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін Баянауыл ауданының әкімдігі КАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Отбасыларға (азаматтарға) жиынтық жеке қосалқы шаруашылық табысынан 3- бас ірі қара мал (сиыр,жылқы) бастан аспаған, 10 бас ұсақ мал (қой, ешкі, доныз) бьастан аспағандарға  Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезінде есепке алынсын.

2. «Баянауыл ауданының алықты жұмыспен қамту және әлеуеттік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қолдансын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Баянауыл ауданы әкімінің орынбсарына  С.Ж. Джумашевқа жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күн откен соң қолданысқа енгізілді.

         Аудан әкімі                                                      О. Қайыргелдинов

 

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы