• Меню » Нормативтік-құқықтық актілер » Майқайың кенті әкімінің 2016 жылғы 04 ақпандағы «Баянауыл ауданы Майқайың кентіндегі көшелерін қайта атау туралы» № 1-21/10 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Майқайың кенті әкімінің 2016 жылғы 04 ақпандағы «Баянауыл ауданы Майқайың кентіндегі көшелерін қайта атау туралы» № 1-21/10 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жарияланған: 11.12.2017


Қазақстан Республикасының  2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңы 49-бабының 1-тармағына сәйкес Майқайың кенті әкімінің міндетін атқарушысы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Майқайың кенті әкімінің 2016 жылғы 04 ақпандағы «Баянауыл ауданы Майқайың кентіндегі көшелерін қайта атау туралы» №1-21/10 шешімінің кіріспе бөлігінде көрсетілген:

«Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» деген сөздер келесі сөздермен ауыстырылсын «Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы».

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Майқайың кенті әкімінің м.а.                                  С. Аханов

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы