Күркелі ауылдық округінің Күркелі және Большевик елді мекендерінің көше атауларына қайта атау беру туралы

Жарияланған: 04.01.2017


Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік  басқару  және  өзін - өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес Баянауыл ауданы Күркелі ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ  ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Баянауыл ауданы Күркелі ауылдық округі Күркелі ауылындағы «Күркелі» көшесінің атауы – «Салық Сапабеков» атауына өзгертілсін;
  2. Баянауыл ауданы Күркелі ауылдық округі Большевик ауылындағы «Достық» көшесінің атауы – «Садық Сапабеков» атауына өзгертілсін.
  3. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
  4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Күркелі ауылдық округі әкімінің м. а.                     Т. Сагинтаев

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы