Введите ваш запрос для начала поиска.

Күркелі ауылдық округінің Күркелі ауылы тұрғындарымен өткізілген жергілікті қоғамдастық жиынының ХАТТАМАСЫ

Жарияланған: 01.08.2017


Күркелі ауылдық округінің Күркелі ауылы тұрғындарымен

 өткізілген жергілікті қоғамдастық  жиынының

ХАТТАМАСЫ

 

 

Күркелі ауылы                                                      2017 жылғы 07 шілде

Мәдениет үйі                                                                       сағат 16:00

 

 

Қоғамдастық    төрағасы:                        Күркелі ауылының тұрғыны

                                                                шаруа қожалығының басшысы

                                                                   Камалиев Мұрат Қабылқайырұлы

 

Хатшысы:                                                   Бәкіров Ермек Бектемірұлы

                                                                 Баянауыл мемлекеттік ұлттық

                                                                   табиғи паркінің орманшысы

 

 

Күркелі  ауылының  халық  саны  - 547 адам

Жиынға  қатысқандар  -   67   адам

 

Күн тәртібінде:

 

  1. Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Күркелі ауылдық округі Желтау ауылы маңындағы Шана қыстағында дүниеге келген, Қазақ ұлттық театрының негізін қалаушы, қазақтың тұңғыш режиссері, драматург, Қазақ АССР-нің халық әртісі Жұмат Тұрғынбайұлы Шаниннің есімімен Күркелі ауылдық округінің Күркелі ауылын қайта атауы жөнінде.

 

Қоғамдастықтың  төрағасы:

Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» №4200 Заңының 14-бабының 2-тармақшасына сәйкес, ауылдарға ат қою және олардың атын өзгерту үшін жергілікті халықтың пікірін ескеру қарастырылғанын айтып  және мемлекетке ерекше еңбегі сіңген Баянауыл ауданы, Күркелі ауылдық округіне қарасты Желтау ауылы маңындағы Шана қыстағында дүниеге келген «Жұмат Шаниннің 125 жылдық» мерейтойына орай Күркелі ауылы атауын Жұмат Шанин есімімен қайта атауы ұсынылып отырғандығы туралы айтты.

 

Сөйлегендер:

 

  1. Ашуев Ратбек – зейнеткер, ардагерлер кеңесінің төрағасы, Күркелі ауылының тұрғыны.

Танымал жерлесіміз Жұмат Шанин Күркелі ауылдық округі тұрғындарының  мақтанышы болғандықтан, Күркелі ауылын ғана емес,  Күркелі ауылдық округі атауын да Жұмат Шанин есімімен өзгертсе де болатындығын ұсынды.

  1. Түсіпбаев Балғабай – зейнеткер, Күркелі ауылының тұрғыны.

Жұмат Шанин есімімен Күркелі ауылын да, Күркелі ауылдық округін де өзгерту дұрыс болатындығын айтып,  бірақ көптеген аудандарда ауылдық округтерді халық санының азаюына байланысты бір-біріне қосқан уақытта, округ атауы тұрақты сақталмауы мүмкін екендігін ескертіп, округтің емес ауылдың атауын Жұмат Шанин есімімен қайта атау дұрыс екендігін атап өтті.  

  1. Омаров Мұрабек – Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының оқытушысы, «Күркелі жастары» жастар тобының мүшесі.

         Күркелі ауылдық округінің орталығы Күркелі ауылын «Жұмат Шаниннің 125 жылдық» мерейтойына орай Жұмат Шанин есімімен қайта атау ұсынысын қолдап, осындай игі істер ұрпағымыздың тарихи тұлғаларды мәңгі есте сақтауы үшін маңызды екендігін айтты.

  1. Ибраев Амангелді  – мектеп мұғалімі, Күркелі ауылының тұрғыны.            

         Жұмат Шаниннің алғашқы драматург, режиссер және театр артисті ретінде тарихта қалғандығын, оның әдеби-көркем шығармалары туралы мәлімдеп, және Күркелі ауылын Жұмат Шанин атымен қайта атау жөніндегі ұсынысты қолдайтынын  айтты.

Қоғамдастықтың төрағасы: айтылған ұсыныстар бойынша Күркелі ауылының атауын «Жұмат Шанин» атымен қайта атау үшін дауыс беруге көшейік, деген  ұсыныс білдірді.

Қоғамдастық жиынына қатысушылар: ұсынысты қолдап, жалпы дауыс берді.

Қоғамдастықтың  төрағасы: Колдағандар -  67 адам, қарсы дауыс бергендер – жоқ, қалыс қалғандар - жоқ.

 

Күркелі ауылы тұрғындарының дауыс беру қорытындысы бойынша Шешім қабылданды: Күркелі ауылдық округінің Күркелі ауылы атауын Жұмат Шанин ауылы атымен қайта аталсын.

 

 

 

Қоғамдастық жиынының  төрағасы:                      М. Камалиев

Хатшысы:                                                                      Е. Бәкіров

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы