• Меню » Нормативтік-құқықтық актілер » Баянауыл ауданында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды жұмысқа орналастыру үшін 2019 жылға жұмыс орындары квотасын белгілеу туралы

Баянауыл ауданында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды жұмысқа орналастыру үшін 2019 жылға жұмыс орындары квотасын белгілеу туралы

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі  «Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабы 7) және  8) тармақшаларына сәйкес, қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мақсатында Баянауыл  ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан, Баянауыл ауданының кәсіпорындарында, ұйымдарында және мекемелерінде:
     1) Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы жұмыскерлердің тізімдік санынан бір пайыз мөлшерінде;

          2) Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы жұмыскерлердің тізімдік санынан бір пайыз мөлшерінде;

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Ж.Жұмашевқа жүктелсін.   
  2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

                    Аудан әкімі                                     О. Каиргельдинов

Баянауыл аудан әкімдігінің

2019 жылғы ____________
№ ______ қаулысына
1 қосымша

Баянауыл ауданы бойынша қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары

№ р/с

Ұйымдардың атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Үлес мөлшері

(Жұмыскерлердің тізімдік саны %)

Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының саны

1

«Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекеме

 

 

148

 

 

1

 

 

1

2

Павлодар облысы әкім-дігі Павлодар облысы денсау-лық сақтау басқармасының «Баянауыл аудандық орта-лық аурухана» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

 

 

 

398

 

 

 

1

 

 

 

4

 Баянауыл аудан әкімдігінің

2019 жылғы ____________
№ ______ қаулысына
2 қосымша

Баянауыл ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары

№ р/с

Ұйымдардың атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Үлес мөлшері

(Жұмыскерлердің тізімдік саны %)

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының саны

1

«Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекеме

 

 

148

 

 

1

 

 

1

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы