• Меню » Нормативтік-құқықтық актілер » Баянауыл ауданында қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбiн, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерiн айқындау туралы

Баянауыл ауданында қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбiн, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерiн айқындау туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Заңының 3-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасының  2010 жылғы 29 сәуірдегі «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заңының 6-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Баянауыл ауданындағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
  2. Баянауыл ауданының ішкі істер бөлімі (келісім бойынша) осы қаулыны іске асыру мақсатында тиісті іс-шаралардың өткізуін қамтамасыз етсін.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
  4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі              О.Каиргельдинов

 

«КЕЛІСІЛДІ»

«Баянауыл ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы

________М. Е.  Мусатаев

«____»_________2018 жыл

 

 

Баянауыл ауданы әкiмдiгiнiң 2018 жылғы «   » ______ № ___ қаулысына қосымша

 

 

Баянауыл ауданындағы қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлерi мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері

 

  1. Азаматтарды көтермелеудің түрлерi:

1) Баянауыл ауданы әкімінің Құрмет грамотасы;

2) Баянауыл ауданы әкімінің Алғыс хаты;

3) Ақшалай сыйақы;

4) Құнды сыйлық.

  1. Азаматтарды көтермелеудің тәртібі:

1) Қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі аудандық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қарайды;

2) Қоғамдық тәртіпті сақтауға белсенді қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынысты (қолдау хат) Комиссияның қарауына «Баянауыл ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі –Баянауыл ауданының ІІБ) енгізеді;

3) Комиссия қабылдайтын шешім көтермелеу үшін негіз болып табылады.

4) Баянауыл ауданының ІІБ ақшалай сыйақыны төлеуді және құнды сыйлықты алуды облыстық бюджет қаражаты есебінен жүргізеді;

5) Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін азаматтарға Баянауыл ауданы әкімінің Құрмет грамотасын, Баянауыл ауданы әкімінің Алғыс хатын, ақшалай сыйақы, құнды сыйлықтар беруді Баянауыл ауданының ІІБ жүзеге асырады.

Ақшалай сыйақы мөлшері мен құнды сыйлықтың бағасы 10 еселік айлық есептік көрсеткіштен аспауы қажет.

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы