Баянауыл ауданы Жаңатілек ауылдық округінің Жаңатілек ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Жарияланған: 08.12.2017


Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 2-тармағына және Қазақстан Республикасының  2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1-бабы                 7) тармақшасына сәйкес Баянауыл ауданы Жаңатілек ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Ірі қарамалдың арасында сарып ауруының анықталуына байланысты, Баянауыл ауданы Жаңатілек ауылдық округінің Жаңатілек ауылының аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
  2. «Баянауыл ауданының ветеринария бөлімі» (келісім бойынша), «Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы Министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Баянауыл аудандық аумақтық инспекциясы» (келісім бойынша), мемлекеттік мекемелері, «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Павлодар облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Баянауыл аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша), анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қолжеткізу үшін қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізсін.
  3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Баянауыл ауданының Жаңатілек

ауылдық округінің әкімі                                                         Б. Кәрібай

«КЕЛІСІЛДІ:»

«Баянауыл ауданының

ветеринария бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің басшысы                                        Н.Т. Даулетов

2017 жылғы «00»желтоқсан

 

«КЕЛІСІЛДІ:»

«Қазақстан Республикасы Ауыл

Шаруашылығы Министрлігі

Ветеринариялық бақылау және

қадағалау комитетінің Баянауыл

аудандық аумақтық инспекциясы»

мемлекеттік мекемесінің басшысы                                      Р.Д. Нургалиев

2017 жылғы «00»желтоқсан

 

«КЕЛІСІЛДІ:»

«Қазақстан Республикасы Денсаулық

сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық

сақтау комитеті Павлодар облысы

Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің

Баянауыл аудандық қоғамдық денсаулық

сақтау басқармасы» мемлекеттік

мекемесінің басшысы                                                              Т.Н. Ишанова

2017 жылғы «00» желтоқсан

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы