ЖОБА
Баянауыл ауданы Қызылтау
ауылдық округі әкімінің 2017
жылғы 25 желтоқсандағы
«Баянауыл ауданы Қызылтау
ауылдық округі «Ата-Қоныс»
шаруа қожалығының
аумағында шектеу іс-шараларын
белгілеу туралы» № 1-03-02
шешімінің күші жойылды
деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабының 2-тармағы, 37-бабының 8-тармағы, Баянауыл аудандық аумақтық инспекция басшысы, ауданның мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2018 жылғы 04 мамырдағы № 2-19/113 ұсынысы негізінде Баянауыл ауданы Қызылтау ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Баянауыл ауданы Қызылтау ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Баянауыл ауданы Қызылтау ауылдық округінің «Ата-Қоныс» шаруа қожалығының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» № 1-03-02 шешімнің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2018 жылғы 11 қаңтарда №5813 болып тіркелген, 2018 жылғы 20 қаңтарда «Баянтау» аудандық газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
- Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Баянауыл ауданының Қызылтау
ауылдық округінің әкімі Р.Мукашев
КЕЛІСІЛДІ:
«Баянауыл ауданының
ветеринария бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы Н.Т. Даулетов
2018 жылғы «00» тамыз
КЕЛІСІЛДІ:
«Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы Министрлігі
Ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетінің Баянауыл
аудандық аумақтық инспекциясы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы Р.Д. Нургалиев
2018 жылғы «00» тамыз
КЕЛІСІЛДІ:
«Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық
сақтау комитеті Павлодар облысы
Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің
Баянауыл аудандық қоғамдық денсаулық
сақтау басқармасы» мемлекеттік
мекемесінің басшысы А.Карибжанов
2018 жылғы «00» тамыз