• Меню » Нормативтік-құқықтық актілер » «Баянауыл ауданы мәслихатының 2018 жылғы 25 желтоқсандағы «2019-2021 жылдарға арналған Баянауыл аудандық бюджеті туралы» №220/39 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Баянауыл аудандық мәслихатының шешім жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

«Баянауыл ауданы мәслихатының 2018 жылғы 25 желтоқсандағы «2019-2021 жылдарға арналған Баянауыл аудандық бюджеті туралы» №220/39 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Баянауыл аудандық мәслихатының шешім жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Қазақстан  Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет  кодексінің 106-бабы 4-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік  басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабы 4-тармағына сәйкес, «Баянауыл ауданы мәслихатының 2018 жылғы 25 желтоқсандағы «2019-2021 жылдарға арналған Баянауыл аудандық бюджеті туралы» Баянауыл аудандық мәслихатының шешім жобасы әзірленді.

Шөптікөл ауылдық округінің Майқайың кентіне қосылуына байланысты және 34 547,0 мың теңге сомасындағы бос қалдықтарды бюджеттік әкімшіліктер арасында бөлу үшін «Баянауыл ауданы мәслихатының 2018 жылғы 25 желтоқсандағы «2019-2021 жылдарға арналған Баянауыл аудандық бюджеті туралы» Баянауыл аудандық мәслихатының шешімін қабылдау қажет.

         Шешімнің жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеп соқпайды.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы