Баянауыл ауданы Майқайын кенті умағындағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариалау туралы

жоба

 

Баянауыл ауданы Майқайын кенті умағындағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариалау туралы

 

          Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33 бабының 1-тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 48-бабына және 50 бабының 2 тармағы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» № 756 қаулысына сәйкес, Баянауыл ауданының әкімі ШЕШТІ:

  1. Павлодар облысы Баянауыл ауданының Майқайын кентінде табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
  2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Баянауыл ауданы әкімінің орынбасары А. К. Абеуовқа тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
  3. Осы шешімнің орындауын бақылауды өзіме қалдырамын.
  4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі                                                              О. Каиргельдинов

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы