Баянауыл ауданы Майқайың кентіндегі көшелерін қайта атау туралы

ЖОБА

   

Баянауыл ауданы Майқайың кентіндегі

көшелерін қайта атау туралы  

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 08 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Баянауыл ауданы Майқайың кентінің тұрғындарының пікірлерін ескере отырып және 2017 жылғы 30 мамырдағы, 2017 жылғы 25 қазандағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындыларының негізінде Баянауыл ауданы Майқайың кентінің әкімі   ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Баянауыл ауданы   Майқайың  кентіндегі  «Советов» көшесі «Достық»

көшесіне,«Фрунзе» көшесі «Кенші»  көшесіне, «Тельмана», «Роза Люксембург», «Жилплощадка» көшелерін «Байтерек» көшесіне, «Мира»  көшесі  «Қаныш Сәтбаев» көшесіне,  «Комсомольская»   көшесі   «Мұхтар Әуезов»  көшесіне, «Микрорайон» көшесі «Шәкен Айманов» көшесіне, «Целинная» көшесі «Жаяу Мұса» көшесіне, «Энгельс» көшесі «Жұмат Шанин» көшесіне, «Ленина», «Спортивная» көшелерін «Астана» көшесіне, «Кирова», «К.Маркс» көшелерін «Алтын дала» көшесі деп қайта аталсын.

  1. Осы  шешімнің   орындалуын   бақылау   өзіме қалдырамын.
  2. Осы шешімнің   алғаш  ресми  жарияланғаннан   кейін  күнтізбелік  он

күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

                   Майқайың кентінің әкімі                                         С. Аханов

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы