Баянауыл ауданы Майқайың кентіндегі көшелерін қайта атау туралы

Жарияланған: 11.12.2017


Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 08 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабының 4) тармақшасына,  Баянауыл ауданы Майқайың кентінің тұрғындарының пікірлерін ескере отырып және 2017 жылғы 25 қазандағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысының негізінде Баянауыл ауданы Майқайың кенті әкімінің міндетін атқарушысы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Баянауыл ауданы Майқайың кентіндегі «Мира» көшесі «Қаныш Сәтбаев» көшесіне, «Комсомольская» көшесі «Мұхтар Әуезов» көшесіне, «Микрорайон» көшесі «Шәкен Айманов» көшесіне, «Целинная» көшесі «Жаяу Мұса» көшесіне, «Энгельс» көшесі «Жұмат Шанин» көшесіне, «Ленина», «Спортивная» көшелерін «Астана» көшесіне, «Кирова», «К.Маркс» көшелерін «Алтын дала» көшесі деп қайта аталсын.
  2. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
  3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Майқайың кенті әкімінің м.а.                                          С.Аханов

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы