Введите ваш запрос для начала поиска.

Баянауыл ауданы Майқайың кентіндегі көшелерін қайта атау туралы

Жарияланған: 11.12.2017


Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының    1993 жылғы 08 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабының 4) тармақшасына,  Баянауыл ауданы Майқайың кентінің тұрғындарының пікірлерін ескере отырып және 2017 жылғы 30 мамырдағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысының негізінде Баянауыл ауданы Майқайың кенті әкімінің міндетін атқарушысы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Баянауыл ауданы Майқайың кентіндегі «Советов» көшесі «Достық» көшесіне, «Фрунзе» көшесі «Кенші» көшесіне, «Тельман», «Р.Люксембург», «Жилплощадка» көшелерін «Байтерек» көшесі деп қайта аталсын.
  2. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
  3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Майқайың кенті әкімінің м.а.                                          С.Аханов

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы