Баянауыл ауданы Күркелі ауылдық округінің Большевик ауылының атауын Шоманкөл ауылы атауына өзгерту жөнінде ұсыныс енгізу туралы

Жарияланған: 12.04.2017


Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы» Заңына, 2017 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Президенті  Н.Ә. Назарбаевтың № 17-388-5 тапсырмасына сәйкес және Күркелі ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушының ұсынысы негізінде Баянауыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Баянауыл ауданы Күркелі ауылдық округінің Большевик ауылының атауын  Шоманкөл ауылы атауына өзгерту жөніндегі ұсыныс облыстық ономастика комиссиясының қарауына енгізілсін.
  2. Бекітілген заңнамалық тәртіпте Күркелі ауылдық округінің Большевик ауылының атауын Шоманкөл ауылы атауына өзгерту жөніндегі ұсыныс енгізу туралы материалдар Баянауыл аудандық мәслихаты сессиясының қарауына ұсынылсын.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Тоғжігітоваға жүктелсін

 

Аудан  әкімі                     О. Кайыргельдинов

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы