Баянауыл ауданы Күркелі ауылдық округінде орналасқан «Анет» шаруа қожалығының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

ЖОБА

 

Баянауыл ауданы Күркелі ауылдық

округінде орналасқан «Анет» шаруа

қожалығының аумағында шектеу

іс-шараларын белгілеу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы  жергілікті  мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»  Заңының  35-бабы 2-тармағына,  Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1  бабының  7) тармақшасына сәйкес және 2018 жылғы 15 наурыздағы № 2-19/73 Баянауыл ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының   ұсынысы   негізінде,    Күркелі    ауылдық    округінің    әкімі

ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Баянауыл ауданы Күркелі ауылдық округінде орналасқан «Анет» шаруа қожалығының аумағында (3 бас) жылқы сақауы ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
  2. «Баянауыл аудандық ветеринария бөлімі», «Қазақстан  Республикасы    

Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Баянауыл аудандық аумақтық инспекция» (келісім бойынша) және  «Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Павлодар облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Баянауыл аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы» (келісім бойынша) мемлекеттік мекемелері қолданыстағы заңнамаға сәйкес қажетті шаралар қолдансын.

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  2. Осы  шешім  оның  алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін

күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Баянауыл ауданының Күркелі

 ауылдық округінің әкімі                                                  Т. Сагинтаев

 

КЕЛІСІЛДІ:

«Баянауыл ауданының

ветеринария бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің басшысы                                   Н.Т. Даулетов

2018 жылғы «00» наурыз

 

КЕЛІСІЛДІ:

«Қазақстан Республикасы Ауыл

шаруашылығы Министрлігі

Ветеринариялық бақылау және

қадағалау комитетінің Баянауыл

аудандық аумақтық инспекциясы»

мемлекеттік мекемесінің басшысы                                 Р.Д. Нургалиев

2018 жылғы «00» наурыз

 

КЕЛІСІЛДІ:

«Қазақстан Республикасы Денсаулық

сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық

сақтау комитеті Павлодар облысы

Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің

Баянауыл аудандық қоғамдық денсаулық

сақтау басқармасы» мемлекеттік

мекемесі басшысының м.а.                                              А.Р. Нажмиден

2018 жылғы «00» наурыз

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы