Баянауыл ауданы әкімінің шешімі

ЖОБА

 

 

Баянауыл ауданының кейбір ауылдық округтері аумағында

табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

 

          Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 48-бабына және 50-бабы  2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» № 756 қаулысына сәйкес, Баянауыл ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Баянауыл ауданының Сәтбаев, Жаңажол, Ұзынбұлақ, Бірлік, Қызылтау, Күркелі, Жанатлек, Қаратомар ауылдық округтері аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
  2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Баянауыл ауданы әкімінің орынбасары С. Ж. Джумашев тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
  3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Аудан әкімі                                                              О. Каиргельдинов

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы