• Меню » Нормативтік-құқықтық актілер » Баянауыл ауданы әкімдігі атқарушы органдары «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы

Баянауыл ауданы әкімдігі атқарушы органдары «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы

Павлодар облысы әділет Департаментінде НҚА мемлекеттік тіркеу тізімінде 2018 жылғы 11 мамырында № 5971 болып тіркелген

ҚАУЛЫ

2018 жылғы 23 сәуір                                                    № 127/4       

 

Баянауыл ауылы                                                       село Баянаул     

 

 

Баянауыл ауданы әкімдігі атқарушы

органдары «Б» корпусы мемлекеттік

әкімшілік қызметшілерінің қызметін

бағалау әдістемесін бекіту туралы

 

         Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 33-бабы 5-тармағына,  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» № 13 бұйрығына сәйкес, Баянауыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған Баянауыл ауданы әкімдігі атқарушы органдары «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі бекітілсін.
  2. Баянауыл ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 31 наурыздағы «Баянауыл

ауданы әкімдігі атқарушы органдары «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы № 77/3 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5483 болып тіркелген, 2017 жылғы 06 мамырда аудандық «Баянтау»  газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Баянауыл ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

                   Аудан әкімі                                               О. Каиргельдинов

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы