Баянауыл ауданы бойынша бірыңғай мемлекеттік сатып алу ұйымдастырушысын анықтау туралы

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 04 желтоқсандағы  «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 8-бабы, 2, 3-тармағының, «Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбелерін анықтау туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №1127 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 28 ақпандағы №157 бұйрығына сәйкес, бюджеттік қаражатты оңтайлы және тиімді жұмсау мақсатында Баянауыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Тапсырыс берушілер үшін Баянауыл ауданы бойынша бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушысы болып «Баянауыл ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі анықталсын.
  2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Баянауыл ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылған болып танылсын.
  3. «Баянауыл ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде оның қағаз, электрондық түрдегі қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін шаруашылық жүргізу құқығындағы «Құқықтық ақпараттың республикалық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

осы қаулының Баянауыл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. «Баянауыл ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын басқа да қажетті шараларды қабылдасын.
  2. Осы қауылының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Ж. Джумашевқа жүктелсін.
  3. Осы қаулы 2019 жылғы 1 мамырдан бастап қолданысқа енеді және ресми жариялануға жатады.

 

Аудан әкімі                                                                О. Каиргельдинов

 

Баянуыл ауданы әкімдігінің

2019 жылғы «___» ___________

№_____ қаулысына қосымша

 

 

 

Баянауыл ауданы әкімдігінің

күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

 

  1. Баянауыл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы «Тапсырыс

берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын анықтау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай   ұйымдастырушы жүзеге асыратын бюджеттік бағдарламаларды және  тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді анықтау туралы» №29/01 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4955 болып тіркелді, 2016 жылғы 18 наурызда №12 «Баянтау» газетінде жарияланды);

  1. «Баянауыл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы «Тапсырыс

берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын анықтау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай   ұйымдастырушы жүзеге асыратын бюджеттік бағдарламаларды және  тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді анықтау туралы» №29/01 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Баянауыл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 1 тамыздғы №235/08 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5219 болып тіркелді);

  1. «Баянауыл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы «Тапсырыс

берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын анықтау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай   ұйымдастырушы жүзеге асыратын бюджеттік бағдарламаларды және  тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді анықтау туралы» №29/01 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Баянауыл ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 3 ақпандағы №18/2 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5373 болып тіркелді);

  1. «Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы «Тапсырыс

берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын анықтау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай   ұйымдастырушы жүзеге асыратын бюджеттік бағдарламаларды және  тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді анықтау туралы» № 15/1 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Баянауыл ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 1 қазандағы №268/10 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6097 болып тіркелді).

 

 

 

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы