Сall-орталық – азаматтардың өтініштері мен жүгінулері

Жарияланған: 01.03.2018


Сall-орталық – азаматтардың өтініштері мен жүгінулері

 

    Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлау жөніндегі нұсқау

    Өтініштерді/хабарламаларды қарау схемасы

    Көтермелеу ережелері

    Сall-орталық – азаматтардың өтініштері мен жүгінулері

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің 1424 Сall-орталығының қызметі жөніндегі ақпарат

 

CALL ОРТАЛЫҒЫНА қоңырау шалу тегін

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросында азаматтарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде тегін консультациялық қолдау және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы телефон хабарламаларды қабылдау негізгі мақсаты болып табылатын Сall-орталық жұмыс істейді.

 

Мынадай сұрақтар бойынша:

 

    сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл;

    сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметіне түсу;

    сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметтің өндірісінде болатын хабарламаларды және өтініштерді қарау барысы туралы;

    сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері туралы хабарлаған немесе өзге де амалдар арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінде беретін адамдарды көтермелеу;

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің құзіретіне кіретін өзге де мәселелер.

 

Хабарламаларды қабылдау:

 

    Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы, оның ішінде жасалған немесе дайындалып жатқан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы;

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі қызметшілерінің жағынан заңсыз әрекеттері (әрекетсіздіктері) туралы;

    Кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіру мәселелеріне қатысты;

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі іздестіретін адамдар жөніндегі мәліметтер туралы;

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің жұмысына қатысты (үн қосулар, ұсыныстар).

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Сall-орталығының жұмыс кестесі

9.00-18.30

(жұмыс және мереке күндері түскі үзіліссіз) Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарламаларды қабылдау және консультация

9.00-13.00

(сенбі)

Тәуліктің түнгі мезгілінде және демалыс күндері Сall-орталығына шалынатын қоңырауларды жазып алу автоматты түрде жүзеге асырылады.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы