Бизнес-ортадағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл моделі

Жарияланған: 07.09.2017


"Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында аталғандай «Сыбайлас жемқорлықпен күресте көп нәрсе бүкіл қоғамның белсене атсалысуына байланысты. Әлеуметтік желінің, өзге де медиа-ресурстардың дамуы жағдайында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет барысында оны жалпы жұртшылықтың жек көруі күрестің қуатты құралына айналуға тиіс».

         Кәзіргі таңда сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде саяси даму деңгейіне қарамастан әлемнің барлық елдерінде орын алуда, соның ішінде Қазақстанда да, тек көлемімен ғана ерекшеленеді. Сыбайлас жемқорлықнарықтық экономика құрылысын, инвестицияларды тарту және экономикалық даму процессін тежиді. Ел болашағына үлкен қауып төндіріп, демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізеді. Сыбайлас жемқорлықпен күрес Қазақстан мемлекеттік саясатының басты бағыттарының бірі болып табылды.  

Сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту қажет салалардың бірі – бұл бизнес.

Сыбайлас жемқорлық белең алған және атқарушы органдар мен сотбилігі тармақтарының қызметінде қиыншылықтар бар ортада бизнестабысты дами алмайтындығы дәлелденген.

Оған кім бастамашы болғанына қарамастан, сыбайлас жемқорлық мәмілелерінің нәтижесі: іскерлік орта нашарлайды, бәсекеге қабілеттіліктің төмендеу қаупі пайда болады, «таза» жұмыс атқаратын кәсіпкерлер азаяды, қоғамда да, кәсіпкерлердің арасында да «мультипликациялық» әсер ету таралады.

Сондықтан бизнес-ортада сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісінде оны белсенді қабылдамауы, адал бәсекелестік пен адалдық беделінасымдыққа қоюды негізге алған өркениетті іскерлік қатынастарды дамыту өте маңызды.

Бизнес-ортадағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – бұл экономикалық қызмет барысында сыбайлас жемқорлықты қабылдамаужәне оған қарсы тұру негізіндегі құндылықтар жүйесі.

Әртүрлі зерттеулер нәтижесінде байқалғандай, бизнес-қауымдастығы сыбайлас жемқорлықпен сәтті күрестің негізгі тәсілдері:

– заңнаманың айқындығы мен толықтығы;

– мемлекеттің экономикаға араласуын қысқарту;

– мүдделер шиеленісін жою;

– мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін қабылдау;

– мемлекеттік қызметшілердің сайланбалығы.

Қазіргі заман жағдайында бизнес ортадағысыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің тамыры оның әлеуметтік жауапты әрекетінде жатыр.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске қоғамның барлық мүшелері атсалысуы керек. Бизнес қауымдастықтары мен үкіметтік емес ұйымдарды жемқорлыққа қарсы күрес науқанына қатысуға шақырып,олардың бастамаларына қолдау көрсету қажет.

Біздің ортақ қимылдарымыз сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілік  қалыптастыруға  және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға әкеп соғуы тиіс.

О.С. Әлімханов – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің бас маманы.

 

 

 

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы