Ақсаң ауылдық округінің әкімі аппаратының Ақсаң ауылдық мәдениет үйі» мемлекеттік қазыналық коммуналдық мекемесінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, құқық бұзушылық жасауды туғызатын себеп пен шарттарды

«Ақсаң  ауылдық  округінің  әкімі  аппаратының  Ақсаң  ауылдық  мәдениет үйі» мемлекеттік  қазыналық  коммуналдық  мекемесінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, құқық бұзушылық жасауды туғызатын себеп пен шарттарды, жіберілген кемшіліктерді жою жөнінде жиналыс өткізілді.  

2019 жылдың 06 ақпанда Ақсаң ауылдық округінде Екібастұз аймағы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының ауданаралық басқармасының басшысы Қ. Қасымбектің қатысуымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, құқық бұзушылық жасауды туғызатын себеп пен шарттарды, жіберілген кемшіліктерді жою жөнінде жиналыс өтті. 

Жиналысқа Баянауыл ауданының Ақсаң ауылдық округінің әкімі  К. Дюсенбаев, Баянауыл аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы К. Сарбасов,   Ақсаң ауылдық округінің мәдениет үйінің директоры К. Багимов, Ақсаң ауылдық округінің мәдениет үйінің есепшісі А. Бейсенбекова қатысты.

Жиналыста Ақсаң ауылдық округінің әкімі К. Дюсенбаев сөз сөйлеп  жиналысқа қатысушыларды ҚР ҚІЖК-нің 200 бабының тәртібінде №185500131000129 қылмыстық ісі бойынша «Ақсаң  ауылдық  округінің  әкімі  аппаратының Ақсаң  ауылдық  мәдениет үйі» мемлекеттік  қазыналық  коммуналдық  мекемесінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, құқық бұзушылық жасауды туғызатын себеп пен шарттарды, жіберілген кемшіліктерді жою жөнінде Екібастұз аймағы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының ауданаралық басқармасының басшысынан түскен ұсыныспен таныстырды.

Жиналыста қаралып талқыланған ұсыным бойынша осындай кемшіліктердің алдын алу үшін төмендегі шаралар қолданылсын деп шешілді.

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықбұзушылыққа қарсы әңгімелесу өткізу.
  2. Сыбайлас жемқорлық фактілері анықталған жағдайда 1424 сенім телефонына хабарлау.
  3. Екібастұз аймағы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының ауданаралық басқармасының ұсынған «Коррупцияға жол жоқ» видеоролигін ескере отырып аудан бойынша мемлекеттік мекемелерде кеңес өткізу.
  4. Аталған іс бойынша кемшіліктерге жол берген тұлғаларға тәртіптік жаза қолдану.

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы