• Меню » Мемлекеттік қызмет » Құрылыс ,сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік қызмет көрсетулердің қолжетімдігі

Құрылыс ,сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік қызмет көрсетулердің қолжетімдігі

Мемлекет Басшысының мемлекеттік басқару органдары алдында қойған басты міндеттердің бірі мемлекеттік қызмет көрсетулердің сапасы мен қолжетімдігін арттыру, мемлекеттік қызметшілерінің қызметін мемлекеттік қызмет көрсетулердің тұтынушылары ретінде тұрғындар игілігі үшін бағыттау болып табылады.

         Тұрғындар үшін ұсынылатын мемлекеттік қызмет көрсетулердің сапасын арттыру үрдісі бұл дегеніміз сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және де мемлекеттік органдар қызметіне азаматтардың сенімділігін арттыру болып табылады.

         Құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік қызмет көрсетулер Қазақстан Республикасы Павлодар облысы Құрылыс басқармасы мен аудандық құрылыс ,сәулет және қала құрылысы беретін мемлекеттік қызметтін барлық деңгейінде көрсетіледі. Осындай кең ауқымды жағдай жасаудың арқасында тұрғындардың барлық санаттарына сапалы және уақытылы мемлекеттік қызмет көрсетулерді ұсынуға мүмкіндік береді.

         «Баянауыл ауданы құрылыс ,сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-нің мемлекеттік қызмет көрсетулер бөлігіндегі құзыреті Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы  № 257 бұйрығымен қызмет көрсетулер стандарттары, ал Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 мамырындағы №149/5 қаулысымен қызмет көрсетулердің тиісті регламенттері бекітілген.

            Жоғарыда аталған нормативті-құқықтық актілердің нормалараны сәйкес  «Баянауыл ауданы құрылыс, сәулет және қала құрылысы» ММ-і келесі қызметтерді атқарады:

  1.Эскизді (Эскиздік жобаны) келісуден өткізу.

  2.Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау)  жобаларына бастапқы материалдарды ұсыну. (сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру)

  3.Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру.

  4.Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертпей, қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру.

Мемлекеттік қызмет көрсетулердің тәртібі, мерзімі мен оларды ұсыну шарттары, құжаттар тізімі мен мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту тиісті регламент пен стандарттармен белгіленеді. Сонымен бірге стандарттарда мемлекеттік қызмет көрсетулер уақытылы емес және сапасыз көрсетілген уақытта қызмет көрсететін лауазымды тұлғалардың әрекетіне шағымдану тәртібі көрсетілген. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсетулер туралы барлық ақпаратты құқықтық ақпараттық жүйерлерден, әрі«Баянауыл ауданы құрылыс ,сәулет және қала құрылысы» ММ-і орналастырылған стентдерден, сонымен қатар аудан әкімінің ресми сайтынан оқуға болады.

         «Баянауыл ауданы құрылыс ,сәулет және қала құрылысы» ММ-не мемлекеттік қызмет көрсетулер бойынша лауазымды тұлғалардың әрекетіне шағымдар болған жағдайда қызметті тұтынушылар 9-22-34 нөміріне немесе тікелей Баянауыл ауылы ,Сатпаев 49 мекенжайы бойынша хабарласа алады.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы