Өзіңді кене шағуынан қалай қорғау керек

Жарияланған уақыты: 25.05.2018


Көптен күткен көктем мен жаз келгенде, күн мен жылу ғана келмей, сондай-ақ «Кене маусымы» деген пайда болады. Қазірден бастап кене энцефалиті және басқа да аурулардан сақтану үшін өзіңізді және өзіңіздің жақындарыңызды дайындау және қауіпсіздендіру қажет.

Кенелер шөптер мен бұталарда болады. Кенелердің ең агрессивтік кезеңі сағат 12-ден басталып 14 сағатта аяқталады. Ауаның қатты дымқылдығында сағат 15-тен 16-қа дейін.

Кене маусымы сәуірден бастап қыркүйек айлары болып есптеледі. Оның ең қауіптісі - мамыр және маусым.

Табиғатта кенелер ауа темпетурасы +7гр-С жоғары көтерілсімен пайда болады. Бұл бірегей жәндіктер тамақсыз 5 жылға дейін мекендейді. Бірнеше түрлі құстар мен құмырсқа түрлерінен басқа, табиғатта жаулары жоқ.

Адамның денесінде кене неғұрлым ұзақ болса, аурудың даму қауіпі соғұрлым жоғары. Аурудың ең көп саны жағдайы көктемнің аяғында және күздің басында, бұл осы уақытта кене санының көбейуіне байланысты. Орман, бақта серуендегенде, табиғатта демалыс орындарына шығу кезінде кене энцифалит вирусын жұқтыруға болады.

Әдетте, осы жәндіктер киімге ілініп және оңтайлы жағдайда адам терісінің нәзік жерлері: мойынға, құлақтың сыртына, шап пен ішке кіреді.

Ерекше профилактикалық шаралар:

- жәндіктерді үркітетінәртүрлі препараттар пайдалану. Аллергиялық әсерлері болмау үшін дұрысы аэрозольді қолдану, дененің ашық жерлеріне емес оны киімге шашырату. Әсіресе шалбардың және жеңнің төменгі жағын, жаға және бел аймағын, калталар, бүкпелер мен тігістерге мұқиятты шашырату.

- арнайы қорғаныс киімдерін кию. Табиғатқа шыққанда шалбардың балағын шұлығыңыздың ішіне салу қажет, сырт киімі резеңкесі бар ұзын жеңді болуы қажет. Серуеннен үйге келгенен кейін киімдеріңізді болконда немесе далада жақсылап сілкіңіз.

Кене шаққан кезде не істеу керек?

- Кене шаққан жерді тырналамаңыз және кенені сықпаңыз, оны пинцетпен не басқамен тез суырып алуға тырыспаңыз.

- Кенені шығару үшін дұрысы дәрігерге бару, егер ондай мүмкіндік болмаса, онда кененің тұмсығына жақындау жіпті байлап, сонан соң шыққанша ептеп ырғап және ептеп жоғары тарту.

- терінің ішінде кененің басы қалып қоюы мүмкін болғандықтан оны абайлап шығару керек, кейіннен оны шығару өте қиын. Сондай-ақ иммуноглобулин еккізуге тез арада емдеу мекемесіне барыңыз.

Баянауыл ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі 

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы