Жылыту пешін пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздік ережелері

Жарияланған уақыты: 03.10.2018


«Пеш» өрттері санының көбі жылу беру маусымына, суық уақытқа дәл келеді.Пәтер жалдаушылар мен үй иелері жазғы уақытта жылу беру құралдарын қолдану дағдыларын жоғалтады, сақтық шаралары туралы ұмытады.Пеш жабдығының өзі уақыт өте келе жарамсыздыққа ұшырайды.

Жылу беру маусымы басталардың алдында пештер мен түтіндіктерді тазалап,жөндеп,ақтап,жарықтарды бітеу қажет.Түтіндіктерді айына бір реттен кем емес күйеден тазалау керек.Пештерді жөндеу мен салуды тек мамандар мен арнайы лицензины алған ұйымдарға сеніп тапсыру қажет.

Өрттер шығуынының негізгі себептері:

Біріншіден,пеш құрылғысы ережелерін бұзу:

- ағаш аражыбыны арқылы өтетін жерлерде мұржаны өндеудің жетіспеушілігі,сондай-ақ кішкентай шегіністер – пеш қабырғалары және үй қабырғалары мен арақабырғалардың ағаш құрылымдары арасындағы арақашықтық;

- пеш алдындағы табақшанының болмауы.

Екіншіден, жылу беру пешін пайдаланғандағы өрт қауіпсіздік ережелерін бұзу.

   Жылыту пешін пайдалану кезінде:

- жанып жатқан пешті қараусыз қалдыруға,сондай-ақ оны қадағалауды балаларға тапсыруға;

- сол пеш түрлеріне арналмаған отынмен жағуға;

- пеш алдындағы табақшада отынды және басқа жаңғыш заттар мен материал-сұйықтарды пайдалануға;

- жылыту пешін қыздырып жіберуге,

- ұзынды от жағу жерінің көлемінен асатын отынды пайдалануға;

- пеш есікшелерін ашық қалдыруға;

- пеш жаныныда киімдер мен басқа заттарды кептіруге.

Азаматтар,өз ұйлернді өрттен сақтаңыз!

 

Баянауыл ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі!   

       

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы