Жылыту кезеңін қауіпсіз өткізу мақсатында

Жарияланған уақыты: 19.09.2018


Өрттердің туындауы адамдардың отқа деген жауапкершіліксіздігінен, «адамдық фактор» деп аталатын себептен болатыны бәрімізге мәлім. Жану себебі отты абайсыз пайдалану, зақымдалған электржелісі немесе арнайы өртке қарсы талаптары есептелмеген жылыту пешінен, сонымен бірге газ жабдығын пайдалану ережелерін бұзуынан болуы да мүмкін. Суық ауаа райының келуімепн халық үйлерін жылыту үшін пешті пайдаланып, кейде оны пайдалануда өрт қауіпсіздік ережелерін бұзады.

Пештегі от жеңілтектікті көтермейді: ол үйді жылытуы немесе түк қалтырмай өртеп тастауы мүмкін. Пешті құрылғыны пайдалану кезінде өрт қауіпіздік талапттарын бұзушылықтары – пеш салудағы босшылдық пен жарықтар, пештің ағаш құрылыстарына жақын тұруы, пештің жанғыш заттарға жақын тұруы, пештің есігін шамадан тыс жабу және тағы басқалары теріс нәтижелерге әкеледі.

Қарапайым ережелерді сақтау – жылыту маусысы еш бақытсыздық әкелмейтініне кепілдік беріп, ал пеш шфнфнда да жылу және үйдегі амандықтың көзі болады. Осылайша, пеш жағу алдында күштің тартылуы тексеріледі, оның болмауы кезінде түтіңді пен түтін құбырын тазалау керек. Қатты отынды жға отырып, жанғыш сұйықтарды пайдаланбаңыз. Бұл жалынның лап етуін азғырады. Пештің өзін жарықтар мен қайта қыздыруға жол бермеу үшін, қатты қыздыруға болмайды,

Жылыту пешін пайдалану кезінде тыйым салынады: қызулы пешті қараусыз қалтыру, сонымен қатар оның бақылауын балаларға тапсыру, жанармай, өзге жанғыш қаттар мен материалдарды пештің үстіне және қасына орналастыру, пешті жағу үшін жанармай, керосин, дизель отының және басқа тезжанғш сұйықтарды пайдалану, ауа тазартқыш және газ каналдарын түтіндік ретінде пайдалану.

Пеш және өзге де жылыту құрылғылары жанғыш құрылыстардан, нормамен белгіленшен өртке қарсыиөндеуі, сондай-ақ көлемі 50х70 см. кем емес, күйігі мен зардабы жоқ, мегалл парағы болуы тиіс.

Түтіндік пен пешті жылыту маусымының алдында, сондай-ақ үш ай ішінде бір реттен кем емес, жылыту маусымы ағымында күйеден тазарту қажет. Үй атырындағы барлық түтін құбырлары мен қабырғалар, әктелуі тиіс.

Тұрғын-үй секторында өрттердің туындамауы және адамдардың қаза болмауы мақсатында, Баянауыл ауданының төтенше жағдайлар бөлімі аудан тұрғындарын жылыту пешін орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.

Баянауыл ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі

 

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы