Жылу беру маусымы кезеңінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтаңыздар

Жарияланған уақыты: 25.12.2018


Күн сайын елімізде улы газбен улану салдарынан бірнеше адам зардап шегеді. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне азаматтардың барлығы бірдей жауапкершілікпен қарамайды. Адамдар әртүрлі себептерден уланып жатады, олардың негізгілерінің бірі – тесіктері, ақауы бар және мұржасы тазаланбаған пеш.

Көбінесе, улы газбен улану маусымдық құбылыс болып табылады, негізінен жылу беру маусымы кезеңінде адамдар электр құралдары мен пешпен жылытуды пайдалану кезінде орын алады. Ал жылыту пештерін пайдалану қағидаларын бұзушылық улы газбен улану сияқты салдарға әкеп соқтырады.

Улы газдың түсі және иісі жоқ, сондықтан оны сезіну мүмкін емес. Ол оттегінің жетіспеушілігінен орын алатын жану салдарынан болады. Егер үй-жайға таза ауа кірмесе, желдеткіш дұрыс жұмыс істемесе, мұржа тазаланбаса, бірақ газ құралы жұмыс істеп тұрса, улы газбен улану мүмкіндігі жоғары болады. Улы газ (СО) қауіпті, ол ағзаға кірген бойда гемоглобинмен қосылып, ағзада оттегінің таралуына жол бермейді. Сондықтан адам тұншығып көз жұмады.

Талдау көрсеткендей, пештерді салу және пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздік қағидаларын негізгі бұзушылықтары пеш консрукцияларындағы күйіктер және жарықшалар, тазаланбаған мұржалар, ақауы бар пеш жабдықтарын пайдалану болып табылады.

Баянауыл ауданының ТЖ бөлімі азаматтарды жылу беру маусымы кезеңінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын қатаң сақтауға шақырады.

 

ТЖ бөлімі

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы