Жемшөптерді жинайтын жерлерді ұстау тәртібі

Жарияланған: 22.09.2016


  1. Тұрғын үйдің мекен учаскелерінде шөптерді жинау ғимаратқа және аула алдындағы құрылыстарға дейін кемінде 15 метр қашықтықта орындалады. Аталған қашықтықта шөптерді жинау мүмкін болмаған жағдайда жинау орнын кемінде 500 литр суы бар қосымша ыдыспен қамтамасыз еткен жағдайда қашықтықты 5 метрге дейін қысқартуға болады.
  2. Мыналарға:

      1) қоралардың шатырларына және басқа шаруашылық құрылыстарына жинауға;

      2) электр жеткізу желілерінің астына жинауға;

      3) учаскенің сыртқы қоршауынан кемінде 3 метр қашықтықта;

      4) көшелерде, жолдарда, аулалық учаскелерден тыс шөп шошақтарын, шөмеле, маяларын, сабан және басқа да ірі жем-шөпті орналастыруға жол берілмейді.

  1. Жергілікті атқарушы органдар жергілікті жердің климаттық жағдайларына байланысты үй жанындағы учаскелерге шөп кіргізу кестесін әзірлейді және оның орындалуына бақылауды ұйымдастырады.
  2. Ірі жемшөптерді тасымалдау пайдаланылған құбырлары радиатордың астынан шығарылған және ұшқын өшіргіштермен жабдықталған арнайы жабдықталған көлік құралдарында жүзеге асырылады.
  3. Ірі жемшөптерді тасымалдауға арналған көлік құралдары қосымша екі ұнтақты өрт сөндіргішпен жабдықталады.
  4. Ірі жемшөптерді жинау биіктігі жер деңгейінен 4 метрден аспайтындай етіп орындалады.

Өрт немесе басқа да төтенше жағдайлар кезінде «101», «112»

 телефондарына  хабарласыңыздар   

   

Баянауыл ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы