Жемқорлыққа жол жоқ!

Жарияланған: 22.01.2018


Сыбайлас жемқорлық – мемлекетке және тұрақты қоғам өміріне қатер төндіретін күрделі әлеуметтік құбылыс. Сыбайлас жемқорлық көріністері байқала бермейді. Сөйтіп, пара беру және алу, лауазымды тұлғаның өзінің қоғамдағы мәртебесін заңсыз пайдаланудың барлық түрін сыбайлас жемқорлық деп түсінуге болады.

Сыбайлас жемқорлыққа қандайда бір өзіне тиесілі емес ресурстарды өз еркімен бөлетін басшы адамның бәрі де ұшырауы мүмкін. Ол қоғам және мемлекет мүдделеріне қайшы, өзінің жеке немесе белгілі бір сыйақыға басқа тұлғалардың мүдделері үшін әрекет ететін шенеунік, депутат, сот, құқық қорғау органының қызметкері, әкімші, емтихан алушы, дәрігер, лауазымды тұлға болуы мүмкін.

Баянауыл ауданының төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлерінің міндеті кәсіби және қызметтік этиканың жалпы принциптерін және негізгі қызметтік әрекеттерді қатаң сақтау болып табылады. Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы келеңсіз салдарлардың алдын алу үшін қызметкерлердің бойында  сыбайлас жемқорлық көріністеріне теріс көзқарас қалыптастыруға ерекше назар аударады. Осыған байланысты бөлім қызметкерлері үшін семинарлар ұйымдастырылады, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы дәрістер оқылады, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдардың негізгі ережелері түсіндіріледі, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшін заңды жауапкершілік сұрақтары талқыланады.

Әркім өзі қатысатын құқықтық қатынас тек құқықтық алаң шеңберінде болғанын қалайды. Біз үшін мемлекеттің қорғауында және ертеңгі күнге сенімді қарау өте маңызды. Біздің қоғамдағы сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзімсіздік таныту – құқықтық мемлекеттің маңызды құрамдас бөлігі.

 

Баянауыл ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі

 

 

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы