Жемқорлық – қоғамның дерті

Жарияланған уақыты: 29.10.2018


Жемқорлық тұрақты тиянақты зерттеу, кешенді және жедел қарсы әрекет керек ететін заманауи қоғамның теріс құбылысы болып табылады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтар ретінде жемқорлыққа қарсы күрес қойылған.

Президент өзінің Қазақстан Республикасының халқына 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінше өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамулың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында, 9 тармақ ретінде жемқорлыққа қарсы күрес және заңның үстемдігін белгіледі.

Жемқорлыққа қарсы күрес туралы айтқан кезде қоғамның қатысуынсыз жемқорлықты жеңуге болмайтыны туралы Ел басы бірталай айтқан. Жемқорлықпен күрес нәтиже бермейді, егерде қауым, әрбір азамат жемқорлыққа қарсы тұрмаса.

Баянауыл ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінде тұрақты негізде қызметкерлер арасында жемқорлыққа қарсы заңдылықты, мемлекеттік қызметкерлердің этикалық кодексінің талаптарын сақтау сұрақтары бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілуде, себебі ТЖ органдарында қызмет ету мемлекеттің және қоғамның тарапынан арнайы сенім білдіруі болып табылып, ТЖ органдары қызметкерлерінің адамгершілік, моралдік-этикалық бейнесіне жоғары талаптар қойылады.

Айта кетер жағдай, жемқорлыққа қарсы күрес сұрақтары бойынша тиімді нәтижеге жету үшін, бүкіл қоғам қатысуы керек. Тек қана осындай жолмен, еліміздегі жемқорлықтың деңгейін күрт төмендетуге болады.

 

Баянауыл ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы