Жеңімпаздар

Жарияланған: 01.06.2017


Балалардың маңызды, парасатты бос уақытын ұйымдастыру, оқушыларды өрт-құтқару ісінің негіздерін, төтенше жағдайлар қауіпі және олардың  туындау кездегі іс-әрекеттерін, сондай-ақ төтенше жағдайлардағы зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету әрекеттерін зерделеуге  тарту мақсатында Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті 2017 жылдың  31 мамырында облыстың «Жас құтқарушы» үйірмелерінің арасында облыстық жарыстарын өткізді.

Бұл жарысқа аудандық жарыстың жеңімпазы З.Ақышев атындағы мектептің «Арлан» командасы қатысып, жүлделі 1-орынға ие болып, ауданымыздың атын шығарды. Команда құрамындағы Қайыргелді Еркін, Темирова Айдана, Хамит Қуандық пен Сүйіндік, Мұқаш Тілек, Маулит Мұхаммедәлі өздерінің жоғары дәрежедегі дайындығын, ұйымшылдығын, топта жұмыс істей алу қабылетін көрсете білді.

Бұл оқушыларға жетекшілік етіп, жаттықтырған  мектептің дене шынықтыру мұғалімі Н.Н.Таштаевқа, медбике З.Сембекке, әсіресе жас маман - әлеуметтік педагог А.Қ.Жаскеноваға, алғысымды білдіргім келеді.

№5 құтқару бөлімшесінің аға құтқарушысы   С.Б.Джанкулов

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы