Жазғы қызықта қауіпсіздікті есте сақтау қажет!

Жарияланған уақыты: 25.06.2018


Биылғы жаз салқындау болатын шығар деген болжамдар көп айтылып жүр. Соған қарамастан, қаланың күйбелең тіршілігі мен ыстығынан әбден мезі болғандар Баянауылға лек-легімен келіп жатыр. Оларды қызықтыратыны қарағайлы аймақтың шайырлы ауасы мен ыстықтан сақтанатын, шомылғанда буын-буыныңды босататын айдынды көлдердің суы. Суға шомылып, жағада қыздырынып рахаттанып жатқан  демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында арнайы шомылуға арналған орындар белгіленген. Ондай орындарда селолық әкімшілік тарапынан ескерту хабарламалары мен су айдындарындағы белгілер орнатылған. Демалыс күндері, әсіресе демалушылар саны артатын күндері арнайы рейдтік шаралар жүргізіледі. Демалушыларға қауіпсіздік ережелері айтылып, тақырыптық жадынамалар таратылады. Мұндай шараны селолық әкімшілік, жергілікті полиция, жедел құтқару жасағы, ұлттық табиғи парк қызметкерлері бірлесіп жүргізеді. Оған қосымша, жұмыспен қамту орталығынан қаржыландырылатын 16 қоғамдық құтқарушы арнайы жағажайларда күнделікті жұмыс жасап отыр. Бұл шаралардың барлығы ең қымбат – адам өмірін аман сақтап қалуға бағытталған.

Тауда, суда, орманда болсын,  өмір қауіпсіздігі мен сақтық жайлы ұмытпайық! Ең қымбатты адамның өмірі екенін есте сақтайық!

 

№5 жедел құтқару бөлімшесінің аға

құтқарушысы С.Б.Джанкулов.

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы