Жазғы демалыс кезіндегі сақтық шаралары

Жарияланған уақыты: 29.06.2018


Суға шомылу кезеңінің басталғанына байланысты 2018 жылдың 28 маусым күні № 5 жедел құтқару бөлімшесі Баянауыл ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия хатшысы М. Абенова, АІІБ ювеналдық полиция тобының инспекторы Д. Нығметпен бірігіп, Жасыбай демалыс аймағында орналасқан «Қарлығаш» сауықтыру орталығында, сонымен қатар, Торайғыр ауылында ашылған «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінде жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, өрт қауіпсіздігі, суға шомылу ережелері, төтенше жағдай кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету жөнінде кездесу өткізді. Кездесудің мақсаты – су айдынына бару кезінде өзін-өзі ұстау қағидаларын бұзу қиын салдарға әкеп соғатынын түсіндіру.

Ағымдағы жылы облыстың су айдындарында 2 баланың суға бату оқыс жағдайлары тіркелген. Осындай жайттарды болдырмау үшін судағы қауіпсіздік шараларын сақтау маңызды. Әсіресе, балалардың ересектердің қарауынсыз жағажайда жүруі өте қауіпті.

Есте сақтаңыздар! Тек нақты суда жүзу ережесін сақтаған кезде жамандықтың алдын алуға болады.

 

№ 5 жедел құтқару бөлімшесінің

 аға құтқарушысы С.Б. Джанкулов

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы