Жасыбай демалыс аймағындағы жаттығулар

Жарияланған: 10.10.2016


Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында ағымдағы жылдың 28-қыркүйек пен 4-қазаны аралығында Баянауыл мемлекеттік табиғи ұлттық саябағы аумағында «Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК Павлодар облысы ТЖД жедел құтқару жасағы» ММ жұмыс жоспарына сәйкес альпинистік және шығуы қиын жерлерде адамдарды құтқару жаттығулары өтті.Жаттығуларға 5 бірлік техника мен жеке құрамның 20 адамы қатысты.

Құтқарушылар жоспарланған жаттығуларды  өткізумен қатар Баянауылдың №2 жалпы орта білім беру мектебі және С.Торайғыров атындағы орта мектеп оқушыларымен кездесті. Кездесу барысында қайғылы жағдайлардың алдын алу, төтенше жағдайлар туа қалған жағдайда өзін қалай ұстау ережелері туралы теориялық мәліметтермен қатар құтқару жасақтарының жұмысында қолданатын арнайы құтқару құралдары мен киімдері таныстырылып, адамдарды құтқаратын арнайы үйретілген иттердің жұмысы көрсетілді.

Мұндай кездесулер мектеп оқушыларының өз өмірінің қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау қажеттігін түсінуге сонымен қатар келешекте құтқарушы мамандығын таңдауға ықпал ететіні сөзсіз.

Жедел құтқару жасағының  аға құтқарушысы  С.Б.Джанкулов

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы