Жану өнімімен улану

Жарияланған уақыты: 30.03.2018


Улы газдан уланған кезде зардап шегушіні мүмкіндігінше тезірек қауіпті аймақтан таза ауаға шығару керек Егер зардап шегуші ес-түсінен айырылмаса, оны жатқызып, денесін қысқан киімді ағыту қажет. Самайын мұсатырлы спиртпен майлап, оны иіскету керек. Мұсатырлы спиртпен мақтаны мұрынның ұшынан 1 см жақын емес қашықтықта ұстап бұлғаңдату керек. Бұл өте маңызды, өйткені мұсатырлы спиртімен мақтаның мұрын ұшына тиген кезінде мұсатырдың тыныс алу орталығына қуатты әсер етуінен оның сал ауруының орнауы мүмкін.
Сілтілі су (1 литр суға 1 ас қасық ас содасы), ащы шәй, кофе ішкен өте пайдалы.
Егер зардап шегуші ес-түссіз болса, тез арада жедел жәрдем немесе ес-түсіне келгенше жүректің жабық массажын және қолдан дем алдыруды бастау қажет.
Есіңізде сақтаңыз, зардап шегушіні улы газының топталуы жоғары орыннан шығарған кезде, уланып қалмау үшін ең алдымен өзіңізді қауіпсіздендіру керек. Ол үшін тез әрекет етіп және қол орамал, дәке арқылы дем алу қажет.
Өрт кезінде дұрыс әрекет етуге машықтанулар көмектеседі.
Оқу орнының қызметкерлері, сондай ақ оқушылар міндетті түрде негізгі және қосалқы эвакуация жолдарын білулері қажет.
Өрттер әртүрлі болады, сондықтан эвакуация жоспары қажет. Мысалы, егер басқыш алаңы от қоршауында қалса, адамдардың шығуына баламалы жол қарастырылуы керек.
Оқытушылар мен оқушылар қолда бар алғашқы өрт сөндіру құралдарымен қолдана білулері тиісті.

 

Баянауыл ауданының

Төтенше жағдайлар бөлімі 

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы